https://sputnik.kz/20220517/qant-bagasy-bolzham-ministr-24859887.html
Қант бағасы күрт өседі деп болжанып отырған жоқ – министр
Қант бағасы күрт өседі деп болжанып отырған жоқ – министр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамынша жыл соңына дейін қант бағасы келісіне 400-500 теңге аралығында сақталады. Бұл туралы... 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T11:15+0500
2022-05-17T11:15+0500
2022-05-17T11:16+0500
қант
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0b/23448654_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_24a6a0a5496f172aa53a04c8dcccbf13.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамынша жыл соңына дейін қант бағасы келісіне 400-500 теңге аралығында сақталады. Бұл туралы ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, қазір бүкіл әлемде қант бағасы өсіп жатыр. Себебі тәтті өнімнің бағасы әлемдік биржаларда анықталады.Айтуынша, елдегі төрт зауыт шикізатпен толық қамтамасыз етілген."Мамырда өндіріс көлемі 32-35 мың тонна, маусымда 40-45 мың тоннаны құрайды деген жоспар бар. Өндірілген өнім ішкі сұранысты қанағаттандыруға толығымен жетеді", - деді министр.Ол ауыл шаруашылығы министрлігі қант саласын дамыту бойынша ауқымды бағдарлама әзірлеп жатқанын атап өтті."Сол себепті жыл соңына дейін қант бағасы күрт өспейді, тұрақты болады. Жалпы бағаның өзгеруі әлемдік тенденцияларға байланысты. Егер құрақ қанттың бағасы төмендесе, қант та арзандайды", - деп түсіндірді Қарашөкеев.Бұған дейін Қазақстан ақ қант пен шикі құрақ қантты сыртқа шығаруға алты айға тыйым салды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0b/23448654_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_6f254e071d639879adae3f36aa91df56.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант
Қант бағасы күрт өседі деп болжанып отырған жоқ – министр
11:15 17.05.2022 (жаңартылды: 11:16 17.05.2022) НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамынша жыл соңына дейін қант бағасы келісіне 400-500 теңге аралығында сақталады. Бұл туралы ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазір бүкіл әлемде қант бағасы өсіп жатыр. Себебі тәтті өнімнің бағасы әлемдік биржаларда анықталады.
"Негізі қант бағасы күрт өседі деген болжам жоқ. Қазір өңірлердегі бағаны алсақ, 400-500 теңге арасында болып тұр. Сол баға сақталады деп болжап отырмыз. Жыл соңына дейін баға тұрақты болады", - деді Қарашөкеев үкімет кулуарында.
Айтуынша, елдегі төрт зауыт шикізатпен толық қамтамасыз етілген.
"Мамырда өндіріс көлемі 32-35 мың тонна, маусымда 40-45 мың тоннаны құрайды деген жоспар бар. Өндірілген өнім ішкі сұранысты қанағаттандыруға толығымен жетеді", - деді министр.
Ол ауыл шаруашылығы министрлігі қант саласын дамыту бойынша ауқымды бағдарлама әзірлеп жатқанын атап өтті.
"Сол себепті жыл соңына дейін қант бағасы күрт өспейді, тұрақты болады. Жалпы бағаның өзгеруі әлемдік тенденцияларға байланысты. Егер құрақ қанттың бағасы төмендесе, қант та арзандайды", - деп түсіндірді Қарашөкеев.
Бұған дейін Қазақстан ақ қант пен шикі құрақ қантты сыртқа шығаруға алты айға тыйым салды.