Денсаулық

Фонтан суына шомылуға болмайды – мамандар алты себебін атады

© Sputnik / Абзал КалиевФонтан
Фонтан - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2022
Жазылу
Жазда ауа райы ыстық болып тұрғанда балалар су бұрқаққа жиі түседі
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Павлодарда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа жауапты "Коммунсервис" компаниясы фонтантардың суына не себепті түсуге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Компания мамандары нақты алты себебін атады. Олар:
барлық су бұрқақ электр желісіне қосылған, себебі сорғыш құралдар жұмыс істейді;
бір жерде жиналып тұрған жылы суда қауіпті микроб тез көбейеді, ал суды жұтып қойса, ішек инфекциясын жұқтыру қаупі бар;
қаңғыбас иттер мен құстар да фонтанға шомылады, оған қоса, нәжіс шығаруы да мүмкін. Ондайда суға жылан құрт түседі;
адамның терісінде жара болса, ол арқылы ағзаға стафилококктар, стрептококктар және тағы басқа микроб кіріп кетуі мүмкін;
фонтанның түбі тайғақ, құлап жарақат алу қаупі бар;
су бұрқаққа жаңбырдың суымен зиянды химиялық қоспалар түсуі мүмкін.
Айта кетері, жазда ауа райы ыстық болып тұрғанда балалар су бұрқаққа жиі түседі. Нұр-Сұлтанда фонтанға түскен бір бала сынған кафельге аяғын кесіп алған болатын.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2022
Өңірлер
Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады
Жаңалықтар
0