https://sputnik.kz/20220517/auyl-mektepteri-avtobus-24868845.html
Биыл ауыл мектептеріне 515 жаңа автобус беріледі
Биыл ауыл мектептеріне 515 жаңа автобус беріледі
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда республика бойынша 25 мыңнан астам оқушы көлікке мұқтаж 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T15:02+0500
2022-05-17T15:02+0500
2022-05-17T15:02+0500
білім
мектеп автобусы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18065227_0:0:2998:1686_1920x0_80_0_0_5d2e91e296044fbb8331bd1ecab2f862.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Балалар жылы аясында елдегі ауыл мектептерінің автобус паркі 515 автобуспен жаңартылады.Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мектебі жоқ, шалғайдағы халқы аз ауылдарда тұратын балалар қамтылады."Биыл өңірлердің мектептерін балаларды тасымалдайтын жаңа көліктермен қамтамасыз ету мәселесі республикалық деңгейде шешіліп, жаңа автобустар алуға қаржы бөлініп жатыр. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын автобустармен одан әрі жабдықтау үшін Жол картасы әзірленді. Бүгінгі таңда 25 мыңнан астам оқушы көлікке мұқтаж. Сондай-ақ мектеп автобустарына жоғары қажеттілік Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Павлодар және басқа да облыстарда байқалады", - деді БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.Министрлік ақпаратынша, қазіргі таңда барлығы 1 мыңнан астам мектеп автобусы қатынайды. Елімізде құрастырылған жаңа автобустар қаржылық лизинг бағдарламасы бойынша жеңілдетілген шарттармен сатып алынады. Бұл тетік ел мектептерінің барлық автобус паркін кезең-кезеңімен жаңартуға мүмкіндік береді.Білім министрлігі балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін көліктерге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеген. Бұған қоса, көліктер қауіпсіздік белдігі бар балалар орындықтарымен, салонда балаларды қалдыруға жол бермейтін жүйемен, кабинаның артқы жағындағы авариялық есікпен жабдықталуы керек.Сондай-ақ оқушылардың қасында мектеп директорының бұйрығымен бекітілген арнайы қызметкер болуға тиіс.
https://sputnik.kz/20220505/mektep-askhanasy-daretkhanasy-baqylau-aktsiyasy-24661626.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18065227_359:0:2607:1686_1920x0_80_0_0_767fb2e66b2869b9930761485608d2bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп автобусы
Биыл ауыл мектептеріне 515 жаңа автобус беріледі
Қазіргі таңда республика бойынша 25 мыңнан астам оқушы көлікке мұқтаж
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Балалар жылы аясында елдегі ауыл мектептерінің автобус паркі 515 автобуспен жаңартылады.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мектебі жоқ, шалғайдағы халқы аз ауылдарда тұратын балалар қамтылады.
"Биыл өңірлердің мектептерін балаларды тасымалдайтын жаңа көліктермен қамтамасыз ету мәселесі республикалық деңгейде шешіліп, жаңа автобустар алуға қаржы бөлініп жатыр. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын автобустармен одан әрі жабдықтау үшін Жол картасы әзірленді. Бүгінгі таңда 25 мыңнан астам оқушы көлікке мұқтаж. Сондай-ақ мектеп автобустарына жоғары қажеттілік Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Павлодар және басқа да облыстарда байқалады", - деді БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.
Министрлік ақпаратынша, қазіргі таңда барлығы 1 мыңнан астам мектеп автобусы қатынайды. Елімізде құрастырылған жаңа автобустар қаржылық лизинг бағдарламасы бойынша жеңілдетілген шарттармен сатып алынады. Бұл тетік ел мектептерінің барлық автобус паркін кезең-кезеңімен жаңартуға мүмкіндік береді.
Білім министрлігі балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін көліктерге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеген. Бұған қоса, көліктер қауіпсіздік белдігі бар балалар орындықтарымен, салонда балаларды қалдыруға жол бермейтін жүйемен, кабинаның артқы жағындағы авариялық есікпен жабдықталуы керек.
Сондай-ақ оқушылардың қасында мектеп директорының бұйрығымен бекітілген арнайы қызметкер болуға тиіс.