https://sputnik.kz/20220517/askeri-sarapshy-ukrainadagy-zhagday-turaly-aytty--24886473.html
Әскери сарапшы Украинадағы жағдай туралы айтты
Әскери сарапшы Украинадағы жағдай туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АҚШ-тың Киевке миллиардтаған долларды қамтитын әскери көмегіне қарамастан, Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің арнайы операциясы сәтті жүріп жатыр, деп жазды... 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T22:56+0500
2022-05-17T22:56+0500
2022-05-18T10:57+0500
ресей
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1f/23859726_0:0:3027:1703_1920x0_80_0_0_21316bf82460c457bbf932059b267abd.jpg
Ресейлік әскер майдан даласында тактикалық және технологиялық тұрғыдан басымдыққа ие, олар алға қойылған мақсатты еш кедергісіз орындап жатыр.Шамамен 16 мың украин сарбазы Северодонецк пен Личанск маңында қоршауда қалып қойды. Донбастағы Украина Қарулы күштерінің әскери топтарын жоюмен Ресей әскери-әуе күштері және әскери-ғарыш күштеріне қарасты мотоатқыштар, танкистер, зеңбірекшілер, арнайы жасақ бөлімшелері, армия авиациясы айналысып жатыр.Әскери инфрақұрылым нысандарына, яғни Украина Қарулы күштерінің жедел тылының бүкіл аумағына дейін зымыранмен соққы жасау қарқыны өсті. Кеше Львов облысында – Польша шекарасынан 20 километр жердегі шоғырлану орындары мен арсеналдарға соққы жасалды. Сонымен қатар Бахмуттағы Украина Қарулы күштері қару қоймасын жайғастырған зауыт та оқ астында қалды.Батыстың Киев режиміне әскери көмегі ешқандай әсер беріп жатқан жоқ. Себебі НАТО қару-жарағы Украина аумағында қарқынды түрде жойылып жатыр. Әсіресе, Николаев пен Одесса облыстарында "Калибр" мен "Оникс" зымырандары жиі қолданылуда.Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері қарсы шабуылға шығуға тырысып жатқан Харьков облысының солтүстігіндегі позицияларға да әуеден жаппай соққы жасалып жатыр. Украин әскерінің Изюм, Запорожье және Херсон бағыттарындағы шабуылының барлық әрекеті сәтсіз аяқталып, адам күші мен техникасы үлкен шығынға ұшырады."Украин сарбаздарының жауынгерлік рухы күн сайын әлсіреп жатыр. Күні кеше нацистік "Азов" құрылымының 256 жауынгері "Азовсталь" жертөлесінен шығып, тұтқынға берілуі де әсер етті. Қазіргі уақытта 5 мыңға жуық украин әскери қызметкері тұтқында жатыр", - деп жазды әскери шолушы.Біраз бұрын америкалық әскери кеңесші, Арнайы операция күштерінің экс-қолбасшысы Эрик Олсен ресейлік әскерилерге өз еркімен берілді. Басқа америкалық арнайы жасақтың жеті сарбазының 15 мамырда Рубежныйда көзі жойылды. Донбастағы британдық үш кеңесшінің тағдыры белгісіз.Украина екі айдың ішінде АҚШ пен НАТО-ның көпжылдық арсеналын тауысуға шақ қалды. Енді америкалықтарға "Джавелин" мен "Стингерлердің" қорын толықтыру үшін кемінде 2-5 жыл қажет болады. Сонымен қатар, америкалық қару-жарақ транзит арқылы Африка елдерінде қалып қойғаны бұл салада заңсыз бизнес өршіп тұрғанын көрсетеді.Хроленконың пікірінше, Украина батыс қару-жарағының беделін түсіріп жатыр. Қолбасшылықтың тыйым салуына қарамастан, украин әскерилері батыстың ескірген, сенімсіз және тиімділігі төмен қаруын белсенді сынап жатыр.Жақында ғана Киев режиміне НАТО елдері жөнелткен Варшава келісімшартының кезеңіне жататын ұшақтар мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері оқта-текте қолданылып, Солтүстікатлантикалық альянс штабының бұйрығы бойынша бір орыннан екінші орынға "көшіп-қонып жүр". Олар атуды орындау үшін НАТО барлау қызметінің нысананы нұсқауы бойынша ғана іске қосылады. Ал ресейлік зениттік зымыран кешендері арнайы әскери операция кезінде жоғары тиімділігін паш етті. Осылайша ресейлік техника америкалық MQ-9 Reaper пилотсыз ұшу аппаратын көш кейін қалдырды. Сондай-ақ бірінен соң бірі атып құлатылып жатқан түріктердің "Байрактар-ТБ2" пилотсыз техникасы да украин аспанында беделін түсіріп алды.Арнайы әскери операция басталған уақыттан бері Украина Қарулы күштеріне қарасты 168 ұшақ, 125 тікұшақ, 912 пилотсыз ұшу аппараты, 309 зениттік-зымыран кешені, 3134 танк және басқа да броньдалған әскери техника, жаппай оқ атуға арналған 385 реактивті қондырғы, 1542 дала артиллериясына арналған қару жойылды."Вашингтонның Ресейге қарсы ақпараттық соғысы, АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктерінің Украинаның НАТО-ға тез кіруі туралы мәлімдемелері, британ барлау қызметінің Ресей Федерациясының арнайы операциясының межелі кестеден кешігіп жатқаны туралы деректері, Киев режимінің Украина Қарулы күштерінің шілдедегі шабуылы туралы арман-қиялы Украинада жоспарланған "Путинге қарсы Байден крест жорығы" сәтсіз орындалып жатқанын әлем назарынан жасыра алмайды", - деп жазды Хроленко.Оның пікірінше, бүгінде әлемде тең және бөлінбейтін қауіпсіздікті көздейтін жаңа тәртіп орнатылып жатыр.
https://sputnik.kz/20220511/ukraina-askeri-zmeinyy-araly-24743060.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1f/23859726_294:0:3025:2048_1920x0_80_0_0_6a04cec3d85ab839b15766a92ad62074.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Әскери сарапшы Украинадағы жағдай туралы айтты
22:56 17.05.2022 (жаңартылды: 10:57 18.05.2022) АҚШ-тың Киевке миллиардтаған долларды қамтитын әскери көмегіне қарамастан, Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің арнайы операциясы сәтті жүріп жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко
Ресейлік әскер майдан даласында тактикалық және технологиялық тұрғыдан басымдыққа ие, олар алға қойылған мақсатты еш кедергісіз орындап жатыр.
Шамамен 16 мың украин сарбазы Северодонецк пен Личанск маңында қоршауда қалып қойды. Донбастағы Украина Қарулы күштерінің әскери топтарын жоюмен Ресей әскери-әуе күштері және әскери-ғарыш күштеріне қарасты мотоатқыштар, танкистер, зеңбірекшілер, арнайы жасақ бөлімшелері, армия авиациясы айналысып жатыр.
Әскери инфрақұрылым нысандарына, яғни Украина Қарулы күштерінің жедел тылының бүкіл аумағына дейін зымыранмен соққы жасау қарқыны өсті. Кеше Львов облысында – Польша шекарасынан 20 километр жердегі шоғырлану орындары мен арсеналдарға соққы жасалды. Сонымен қатар Бахмуттағы Украина Қарулы күштері қару қоймасын жайғастырған зауыт та оқ астында қалды.
Батыстың Киев режиміне әскери көмегі ешқандай әсер беріп жатқан жоқ. Себебі НАТО қару-жарағы Украина аумағында қарқынды түрде жойылып жатыр. Әсіресе, Николаев пен Одесса облыстарында "Калибр" мен "Оникс" зымырандары жиі қолданылуда.
Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері қарсы шабуылға шығуға тырысып жатқан Харьков облысының солтүстігіндегі позицияларға да әуеден жаппай соққы жасалып жатыр. Украин әскерінің Изюм, Запорожье және Херсон бағыттарындағы шабуылының барлық әрекеті сәтсіз аяқталып, адам күші мен техникасы үлкен шығынға ұшырады.
"Украин сарбаздарының жауынгерлік рухы күн сайын әлсіреп жатыр. Күні кеше нацистік "Азов" құрылымының 256 жауынгері "Азовсталь" жертөлесінен шығып, тұтқынға берілуі де әсер етті. Қазіргі уақытта 5 мыңға жуық украин әскери қызметкері тұтқында жатыр", - деп жазды әскери шолушы.
Біраз бұрын америкалық әскери кеңесші, Арнайы операция күштерінің экс-қолбасшысы Эрик Олсен ресейлік әскерилерге өз еркімен берілді. Басқа америкалық арнайы жасақтың жеті сарбазының 15 мамырда Рубежныйда көзі жойылды. Донбастағы британдық үш кеңесшінің тағдыры белгісіз.
Украина екі айдың ішінде АҚШ пен НАТО-ның көпжылдық арсеналын тауысуға шақ қалды. Енді америкалықтарға "Джавелин" мен "Стингерлердің" қорын толықтыру үшін кемінде 2-5 жыл қажет болады. Сонымен қатар, америкалық қару-жарақ транзит арқылы Африка елдерінде қалып қойғаны бұл салада заңсыз бизнес өршіп тұрғанын көрсетеді.
Хроленконың пікірінше, Украина батыс қару-жарағының беделін түсіріп жатыр. Қолбасшылықтың тыйым салуына қарамастан, украин әскерилері батыстың ескірген, сенімсіз және тиімділігі төмен қаруын белсенді сынап жатыр.
Жақында ғана Киев режиміне НАТО елдері жөнелткен Варшава келісімшартының кезеңіне жататын ұшақтар мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері оқта-текте қолданылып, Солтүстікатлантикалық альянс штабының бұйрығы бойынша бір орыннан екінші орынға "көшіп-қонып жүр". Олар атуды орындау үшін НАТО барлау қызметінің нысананы нұсқауы бойынша ғана іске қосылады. Ал ресейлік зениттік зымыран кешендері арнайы әскери операция кезінде жоғары тиімділігін паш етті. Осылайша ресейлік техника америкалық MQ-9 Reaper пилотсыз ұшу аппаратын көш кейін қалдырды. Сондай-ақ бірінен соң бірі атып құлатылып жатқан түріктердің "Байрактар-ТБ2" пилотсыз техникасы да украин аспанында беделін түсіріп алды.
Арнайы әскери операция басталған уақыттан бері Украина Қарулы күштеріне қарасты 168 ұшақ, 125 тікұшақ, 912 пилотсыз ұшу аппараты, 309 зениттік-зымыран кешені, 3134 танк және басқа да броньдалған әскери техника, жаппай оқ атуға арналған 385 реактивті қондырғы, 1542 дала артиллериясына арналған қару жойылды.
"Вашингтонның Ресейге қарсы ақпараттық соғысы, АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктерінің Украинаның НАТО-ға тез кіруі туралы мәлімдемелері, британ барлау қызметінің Ресей Федерациясының арнайы операциясының межелі кестеден кешігіп жатқаны туралы деректері, Киев режимінің Украина Қарулы күштерінің шілдедегі шабуылы туралы арман-қиялы Украинада жоспарланған "Путинге қарсы Байден крест жорығы" сәтсіз орындалып жатқанын әлем назарынан жасыра алмайды", - деп жазды Хроленко.
Оның пікірінше, бүгінде әлемде тең және бөлінбейтін қауіпсіздікті көздейтін жаңа тәртіп орнатылып жатыр.