Ақтауда жоғалған сарбаз табылды

© Sputnik / Владислав ВодневВоеннослужащие Нацгвардии
Военнослужащие Нацгвардии - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2022
Жазылу
18 жастағы сарбаз полицияға өз еркімен келген
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Ақтауда жоғалған сарбаздың табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
14 мамырда Ақтау қаласында патрульдік қызметке шыққан сарбаз Бағлан Әділбеков жиналатын орынға келмеген. Ол өз еркімен полицияға келді.
"17 мамырда шамамен сағат 07.15-те 6656 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Әділбеков өз еркімен Ақтау қаласының полиция бекетіне келді. Ол ата-анасымен кездескен", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, кеше Әділбековтың жоғалғаны туралы ақпарат шықты. Ресми мәліметке сәйкес, ол 14 мамыр күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шыққан. Бірақ кешке қарай әскери жасақтардың жиналу және әскери бөлімге кету орнына келмеген. Қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 2021 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырылған.
Жаңалықтар
0