Қоғам

Жеңілдетілген автокредит бойынша өтінімнің қабылданбау себебі жарияланды

© Photo : CC0 / ArtisticOperationsLexus
Lexus - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
Вице-премьер Роман Скляр 16 мамырда жеңілдетілгені автокредит бағдарламасының басталатынын мәлімдеген
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Автокредит бағдарламасына бөлінген 100 миллиард теңге барлық банкке таратылған жоқ. Бұл туралы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өткен сенбі, 14 мамыр күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі утилизациялық алыммен айналысқан "ӨКМ операторы" ЖШС шотындағы ақшаның бұғаттаудан шығарылғанын мәлімдеді.
198 миллиард теңгені жартысы жеңілдетілген автокредит бағдарламасына арналған. Оны "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-сы арқылы банктерге таратады.
Бірақ демалыс күндері барлық қаржылық мәселелерді шешуге мүмкіндік болмады. Содан бағдарламаға қатысатын банктерге ақша уақытында түспей қалды.
"Иә, бізде корпоративтік рәсімдер сәл ұзарып кетті. Содан ақшаны бүгін ғана таратуды бастадық", - деді Ғаппаров журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, бұған дейін вице-премьер Роман Скляр 16 мамырда жеңілдетілгені автокредит бағдарламасының басталатынын мәлімдеген. Алайда бүгін автосалонға барған адамдардан өтінім қабылданған жоқ.
Түстен кейін Банк ЦентрКредит өтініш қабылдауды бастайды делінген. Артынан оған Halyk bank, Forte bank және Еуразиялық банк қосылады.
Жаңалықтар
0