Өңірлер

Текелідегі селдің салдарын жоюға жүз шақты әскери жұмылдырылды

© Photo : Пресс-служба ДЧС Алматинской области Текелідегі көшкін салдарын жою
Текелідегі көшкін салдарын жою - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
Әскери қызметшілер мен жергілікті атқарушы органдардың арнайы техникасы жеке үйлер мен көшелер аумағында қалған балшық массасын тазартуда
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Алматы облысының Текелі қаласындағы төтенше жағдай салдарын жоюға 28237 әскери бөлімінің 100 қызметкері мен 7 техникасы тартылды.
Әскери қызметшілер мен жергілікті атқарушы органдардың арнайы техникасы жеке үйлер мен көшелер аумағында қалған балшық массасын тазартуда.
"16 мамыр күнгі лай көшкінінен кейін жалпы 890 текше метр балшық шығарылды, 81 рейс жасалды. Қазіргі уақытта Қонаев көшесі балшық массасынан тазартылды. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Алматы облысы ТЖД-нің 8 қызметкері мен 3 техникасы, полиция бөлімінің 6 қызметкері мен 2 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 20 қызметкері мен 10 техникасы, 16 қызметкері мен 8 техникасы, оның ішінде "Қазселденқорғау" ММ-нің 3 техникасы жұмылдырылды", - делінген ТЖД хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 15 мамыр күні сағат 12.10-да Алматы облысының Текелі қаласында (балшық массасы, алдын ала есептелген ұзындығы - 50 метр, ені - 25 метр, биіктігі - 3,5 метр, көлемі - 4375 текше метр) су тасқыны болды. Салдарынан 5 жасар қыз қайтыс болып, тұрғын үйлер зардап шекті.
Жаңалықтар
0