https://sputnik.kz/20220516/qazaqstandyq-atauly-aleumettik-komek-24830388.html
Алты жүз мыңға жуық қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды
Алты жүз мыңға жуық қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды
Sputnik Қазақстан
Табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларына әлеуметтік топтама беріледі 16.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-16T10:33+0500
2022-05-16T10:33+0500
2022-05-16T10:33+0500
қоғам
атаулы әлеуметтік көмек
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703908_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_125f7eaadff90a59084b14a1d811e40b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. 1 мамырдағы жағдай бойынша 111,4 мың отбасындағы 571,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 84,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Атаулы әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға беріледі.Сондай-ақ, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру аясында барлық өңірде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балалары кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі.1 мамырдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 144,6 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды, деді еңбек министрлігі.Еске салсақ, биыл қаңтар айында төтенше жағдай режиміне байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған азаматтарға төлемдер 2022 жылғы 1 тоқсанға автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте атаулы көмекке енді іліккендер Электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703908_602:0:2853:1688_1920x0_80_0_0_44d68f92bac232cbb8a96e51ab1cf319.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атаулы әлеуметтік көмек
Алты жүз мыңға жуық қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды
Табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларына әлеуметтік топтама беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. 1 мамырдағы жағдай бойынша 111,4 мың отбасындағы 571,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 84,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға беріледі.
Сондай-ақ, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру аясында барлық өңірде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балалары кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі.
1 мамырдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 144,6 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды, деді еңбек министрлігі.
Еске салсақ, биыл қаңтар айында төтенше жағдай режиміне байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған азаматтарға төлемдер 2022 жылғы 1 тоқсанға автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте атаулы көмекке енді іліккендер Электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.