Оқиға

Қаскелеңде көкпаршылар көшедегі көліктерді қиратты - видео

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиКөкпар
Көкпар - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
Оңтүстікте рұқсатсыз көкпар жиі өткізіледі
ТАЛДЫҚОРҒАН, 16 мамыр — Sputnik. Алматы облысының Қаскелең қаласында заңсыз көкпар ұйымдастырылды. Шабандоздар көліктердің қозғалысына кедергі келтірумен қатар көліктерді қиратып кеткен.
Әлеуметтік желіде болған оқиғаның видеосы тарады.
"Аттар тұяқтарымен көлік темірін майыстырып, сызаттар қалдырды. Көкпаршылар телефонға түсіруге тыйым салды, тіпті қорқытты", - деп жазады автор.
Алматы облысының полиция департаменті 15 мамырда Қаскеленде аудандық және қалалық билік рұқсатынсыз көкпар ұйымдастырылғанын растады.
"Көкпар өткізу аудан әкімдігімен келісілмеген. Шабандоздар қаланың бірнеше көшесіне кіріп кеткен. Бұл факт Қарасай аудандық полиция бөлімінде ресми тіркелді. Сондай-ақ, аудандық полицияға көлігіне зақым келтірген 34 жастағы ер адамнан арыз түсті", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары ойынды ұйымдастырушы мен оның қатысушыларын анықтау бойынша шаралар қабылдайтынын жеткізді.

"Кінәлілер міндетті түрде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деп атап өтті полицияда.

Айта кетері, оңтүстікте рұқсатсыз көкпар жиі өткізіледі.
Жаңалықтар
0