Перуде автобус 100 метрлік жардан құлап, 11 адам қаза тапты

© Pixabay / Erich Westendarp Автобус, архивтегі фото
Автобус, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Перуде қайғылы оқиға болды: ел астанасына бара жатқан жолаушылар автобусы құздан құлап кетті. Кемінде 11 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды, деп хабарлады Excelsior газеті.
"Перудің солтүстігінде шалғайдағы ауыл жолында автобус апатынан кем дегенде 11 адам қаза тапты, оның ішінде екі бала бар, 34-і жарақат алды", - деп жазды басылым.
Алдын ала мәлімет бойынша ел астанасы Лимаға бет алған автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қоршауды бұзып өтіп, 100 метрлік жардан құлаған.
Айта кетері, осы жылдың ақпан айында елдің солтүстігіндегі Тайбамба қаласында автобус апатынан 20 адам қайтыс болған.
Жаңалықтар
0