https://sputnik.kz/20220516/pavlodar-togyzynshy-qabat-kishkentay-qyz-24825372.html
Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлап кеткен кішкентай қыз аман қалды
Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлап кеткен кішкентай қыз аман қалды
Sputnik Қазақстан
Ол ауыр жарақат алып, ес-түссіз күйде ауруханаға жатқызылды 16.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-16T07:27+0500
2022-05-16T07:27+0500
2022-05-16T07:27+0500
павлодар
қыз
терезе
https://sputnik.kz/img/641/85/6418507_0:64:1920:1144_1920x0_80_0_0_98907b2331e5cbb5ca86048b710ce8b8.jpg
ПАВЛОДАР, 16 мамыр – Sputnik. Бір жарым жасқа толмаған қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлады Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.Олардың мәліметінше, 15 мамырда сағат 18.17-де Павлодардағы 103 қызметіне қала тұрғындары қоңырау шалып, Толстой көшесі, 90 мекенжайында орналасқан үйдің тоғызыншы қабатынан кішкентай қыз құлап кеткенін айтқан.Дәрігерлер алты минут ішінде оқиға орнында болды. Жедел жәрдем сәбиді шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізді.Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген қыз ауруханаға ауыр бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежеде соғылуы, мидың ісінуі диагнозымен түскен.Сонымен қатар 3-дәрежелі кома күйде болған, өкпесіне, бүйрегіне зақым келген, бауыры жыртылған, 3-дәрежелі зақымданудан шок алған, қан ұюы бұзылып, ауыр дәрежеде қаназдыққа шалдыққан.Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/641/85/6418507_156:0:1863:1280_1920x0_80_0_0_dac3341641ea181660107a9ac901018c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, қыз, терезе
Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлап кеткен кішкентай қыз аман қалды
Ол ауыр жарақат алып, ес-түссіз күйде ауруханаға жатқызылды
ПАВЛОДАР, 16 мамыр – Sputnik. Бір жарым жасқа толмаған қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлады Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Олардың мәліметінше, 15 мамырда сағат 18.17-де Павлодардағы 103 қызметіне қала тұрғындары қоңырау шалып, Толстой көшесі, 90 мекенжайында орналасқан үйдің тоғызыншы қабатынан кішкентай қыз құлап кеткенін айтқан.
Дәрігерлер алты минут ішінде оқиға орнында болды. Жедел жәрдем сәбиді шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген қыз ауруханаға ауыр бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежеде соғылуы, мидың ісінуі диагнозымен түскен.
Сонымен қатар 3-дәрежелі кома күйде болған, өкпесіне, бүйрегіне зақым келген, бауыры жыртылған, 3-дәрежелі зақымданудан шок алған, қан ұюы бұзылып, ауыр дәрежеде қаназдыққа шалдыққан.
Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.