Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда көк жол белгілері алғаш рет қолданылды

© Photo : Пресс-служба ТОО "Парковочное пространство Астаны" Елордадағы ақылы автотұрақтарда көк сызық қолданыла бастады
Елордадағы ақылы автотұрақтарда көк сызық қолданыла бастады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
Пилоттық жоба қазір елордадағы Нұржол желекжолында іске асырылып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көк түсті жол белгілері қолданыла бастады. Онымен ақылы автотұрақ аумағы бөлінеді. Тәжірибе ретінде Нұржол желекжолында белгілеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС.
© Photo : Пресс-служба ТОО "Парковочное пространство Астаны" Елордадағы ақылы автотұрақтарда көк сызық қолданыла бастады
Елордадағы ақылы автотұрақтарда көк сызық қолданыла бастады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Елордадағы ақылы автотұрақтарда көк сызық қолданыла бастады
"Жаңашылдық жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін қарастырылған. Көк белгілер жүргізушілерге ақылы автотұрақтың шекарасын оңай әрі жылдам анықтауға көмектеседі. Мұндай тәжірибе Мәскеу, Санкт-Петербург сияқты ірі мегаполистерде бірнеше жылдан бері қолданылып келеді", - деп түсіндірді "Астана тұрақ кеңістігі".
© Photo : Пресс-служба ТОО "Парковочное пространство Астаны" Елордадағы ақылы автотұрақтарда көк сызық қолданыла бастады
Елордадағы ақылы автотұрақтарда көк сызық қолданыла бастады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Елордадағы ақылы автотұрақтарда көк сызық қолданыла бастады
Ашық көк сызықтар ақылы аймақты бөліп, жүргізушілердің назарын аударуға тиіс. Жаңашылдықты қала билігі мақұлдаса, алдағы уақытта елордадағы барлық ақылы автотұрақ аймағы көк түсті жол белгілерімен белгіленеді.
Еске сала кетейік, елордада алғашқы ақылы автотұрақтар 2018 жылдың қаңтарында іске қосылды. Ақылы автотұрақ жобасының мақсаты көше және жол тораптарында көлік ағынын азайту болып саналады.
© Photo : Пресс-служба ТОО "Парковочное пространство Астаны" Елордадағы ақылы автотұрақтарда көк сызық қолданыла бастады
Елордадағы ақылы автотұрақтарда көк сызық қолданыла бастады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Елордадағы ақылы автотұрақтарда көк сызық қолданыла бастады
Ақылы тұрақтардың жұмыс уақыты: жұмыс күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін. Ережеге сәйкес, төлем алғашқы 30 минут ішінде жасалуы керек. Демалыс және мереке күндері автотұрақ тегін.
Жаңалықтар
0