https://sputnik.kz/20220516/mendeleev-olimpiadasy-oqushylar-medal-24830217.html
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 8 медаль жеңіп алды
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 8 медаль жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан құрамасы атынан 10 және 11-сыныптардың 12 оқушысы қатысты 16.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-16T13:40+0500
2022-05-16T13:40+0500
2023-08-09T16:03+0500
медаль
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24826976_0:76:3072:1804_1920x0_80_0_0_fab93c83383deb6b4aa92153c53d6a40.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Химиядан 56-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.Зияткерлік сайыстар 9-16 мамыр аралығында Ташкентте офлайн форматта өтті, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.Қазақстан құрамасы атынан Қарағанды, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар және Ақтөбе облыстарынан 10 және 11-сыныптардың 12 оқушысы қатысты.Олар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің құрдастарымен білім сайысында бақ сынасты.Оның айтуынша, Қазақстан құрамасын ел ішіндегі олимпиадалардың "елегінен" өткен оқушылар таныстырды. Ташкентке 2022 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері барды."Биыл біз команданы үздіктердің үздігі таныстыруы үшін барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізу процесін автоматтандырдық", - деп толықтырды ол.Химия пәнінен оқушылардың Халықаралық Менделеев олимпиадасы жыл сайын жүздеген талантты химиктің басын қосады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24826976_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_19c5716071ceecdf004fdb20de8b7ee4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медаль, олимпиада ойындары
медаль, олимпиада ойындары
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 8 медаль жеңіп алды
13:40 16.05.2022 (жаңартылды: 16:03 09.08.2023) Қазақстан құрамасы атынан 10 және 11-сыныптардың 12 оқушысы қатысты
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Химиядан 56-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.
Зияткерлік сайыстар 9-16 мамыр аралығында Ташкентте офлайн форматта өтті, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы атынан Қарағанды, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар және Ақтөбе облыстарынан 10 және 11-сыныптардың 12 оқушысы қатысты.
Олар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің құрдастарымен білім сайысында бақ сынасты.
"Білім және ғылым министрлігі оқушыларымызға басқа елдердегі құрдастарымен бәсекелесуге мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Күні кеше балаларымыз алғаш рет Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадаға аттанғанын білесіздер. Өзбекстанда өткен Менделеев олимпиадасының жүлдегерлері қабылдау емтихандарын тапсырмай-ақ Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алады", - деп атап өтті "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.
Оның айтуынша, Қазақстан құрамасын ел ішіндегі олимпиадалардың "елегінен" өткен оқушылар таныстырды. Ташкентке 2022 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері барды.
"Биыл біз команданы үздіктердің үздігі таныстыруы үшін барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізу процесін автоматтандырдық", - деп толықтырды ол.
Химия пәнінен оқушылардың Халықаралық Менделеев олимпиадасы жыл сайын жүздеген талантты химиктің басын қосады.