Каспий теңізіне үш адам батып кетті

© Sputnik / Ольга Головко / Медиабанкке өтуКаспийское море
Каспийское море - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
Бір адамды кәугерлер жағаға алып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында үш адам суға батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау басқармасы.
Басқарма басшысы Саят Батталовтың айтуынша, оқиға бүгін Каспий теңізінде болған.
"Сағат 17.32 кезінде құтқару қызметіне шомылуға рұқсат етілмеген жерде төрт адамның Каспий теңізіне батып бара жатқаны туралы хабарланды", - дейді ол.
Батып бара жатқан адамның біреуін сол маңдағы тұрғындар жағаға алып шықты.
Ал үш адамды құтқару мүмкін болмады.
Басқарма басшысының айтуынша, оған ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Жел салдарынан теңіз бетінде толқындар жүрді. Бұл құтқарушыларға айтарлықтай кедергі келтірді.
Құтқарылған 1996 жылы туған Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханаға жеткізілді.
1999 жылы туған бір азамат пен Қарағанды қаласының 2 тұрғыны батып кетті. Олардың жеке басы анықталып жатыр.
19.58 кезінде Қарағандының бір тұрғынының денесі судан шығарылды.
Жаңалықтар
0