https://sputnik.kz/20220516/elorda-esirtki-osirgen-resey-azamat-24848567.html
Елорда іргесінде есірткі өсірген Ресей азаматы ұсталды
Елорда іргесінде есірткі өсірген Ресей азаматы ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ол үйді жалға алып отырған 16.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-16T21:16+0500
2022-05-16T21:16+0500
2022-05-16T21:16+0500
оқиға
ақмола облысы
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e6/02/03/22515334_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_ad63ff9016ee9ccae407b4c929845068.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Ақмолалық полицейлер жасырын есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Polisia.kz. Қосшы қаласы полиция бөлімінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері Лесная поляна тұрғын үй массивінің аумағында 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Одан темекі шегуге арналған қолдан жасалған құралдар және ішінде өсімдік тектес заты мен ерекше иісі бар 100-ге жуық сіріңке қорабы тәркіленді. Алынған зат марихуана болып шықты. Жоғарыда аталған есірткі құралдарын сатып алу арнасын анықтау мақсатында полицейлер Қосшы қаласында сәтті арнайы операция өткізді. Нәтижесінде, Ресей Федерациясының 39 жастағы азаматы ұсталды. Шетелдік жалға алған үйден полиция масаның торларында кептірілген белгілі бір иісі бар сұр-жасыл түсті қарасораға ұқсас өсімдікті тауып, салмағы 19 кг болатын 35 бұтаны тәркіледі.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/03/22515334_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_981421221ddc17c93fea1bf3264a6635.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, есірткі
Елорда іргесінде есірткі өсірген Ресей азаматы ұсталды
Ол үйді жалға алып отырған
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Ақмолалық полицейлер жасырын есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қосшы қаласы полиция бөлімінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері Лесная поляна тұрғын үй массивінің аумағында 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Одан темекі шегуге арналған қолдан жасалған құралдар және ішінде өсімдік тектес заты мен ерекше иісі бар 100-ге жуық сіріңке қорабы тәркіленді.
Алынған зат марихуана болып шықты.
Жоғарыда аталған есірткі құралдарын сатып алу арнасын анықтау мақсатында полицейлер Қосшы қаласында сәтті арнайы операция өткізді.
Нәтижесінде, Ресей Федерациясының 39 жастағы азаматы ұсталды. Шетелдік жалға алған үйден полиция масаның торларында кептірілген белгілі бір иісі бар сұр-жасыл түсті қарасораға ұқсас өсімдікті тауып, салмағы 19 кг болатын 35 бұтаны тәркіледі.