https://sputnik.kz/20220516/depozit-kepildik-beru-qory-alayaqtar-24848688.html
Депозиттерге кепілдік беру қоры алаяқтардан сақтануды ескертті
Депозиттерге кепілдік беру қоры алаяқтардан сақтануды ескертті
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар сайттың домендік атына Қордың "kdif.kz" деп аталатын қысқартылған атауын қолданады 16.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-16T20:47+0500
2022-05-16T20:47+0500
2022-05-17T10:56+0500
депозит
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/1123/18/11231866_0:72:1280:792_1920x0_80_0_0_15fc11ece953d2ebd862f029bdeedc29.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде әр түрлі алаяқтық сайттардың, парақшалардың пайда болғаны туралы хабарлайды. Олар қор атынан көпе көрінеу жалған ақпарат таратады. Алаяқтар сайттың домендік атына Қордың "kdif.kz" деп аталатын қысқартылған атауын қолданады. Осылайша желі пайдаланушыларын әдейі жаңылыстырады.Қор ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін ақпарат көздерін айқындап алуға, бөгде адамдарға банк шотының нөмірін және басқа да банктік деректемелерді айтпауға, сондай-ақ желі арқылы дербес деректерді таратпауға кеңес береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1123/18/11231866_64:0:1216:864_1920x0_80_0_0_fe311645296471a7402ab08cc946eec1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депозит, алаяқтық
Депозиттерге кепілдік беру қоры алаяқтардан сақтануды ескертті
20:47 16.05.2022 (жаңартылды: 10:56 17.05.2022) Алаяқтар сайттың домендік атына Қордың "kdif.kz" деп аталатын қысқартылған атауын қолданады
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде әр түрлі алаяқтық сайттардың, парақшалардың пайда болғаны туралы хабарлайды.
Олар қор атынан көпе көрінеу жалған ақпарат таратады. Алаяқтар сайттың домендік атына Қордың "kdif.kz" деп аталатын қысқартылған атауын қолданады. Осылайша желі пайдаланушыларын әдейі жаңылыстырады.
"Анықталған алаяқтық ресурстар жалған ақпараттардан тұрады. Шын мәнісінде алаяқтардың мақсаты – интернет пайдаланушылардың дербес деректерін жинап, алдау арқылы ақшалай қаражаттарын ұрлау", - делінген хабарламада.
Қор ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін ақпарат көздерін айқындап алуға, бөгде адамдарға банк шотының нөмірін және басқа да банктік деректемелерді айтпауға, сондай-ақ желі арқылы дербес деректерді таратпауға кеңес береді.