Өңірлер

БҚО-да бағаналар құлап, бес сиырды тоқ соқты

© Пресс-служба акима Туркестанской областиСиырлар
Сиырлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
Былтыр Пятимар ауылында қатты желдің салдарынан сегіз тірек құлаған, бірақ біреуі де ауыстырылмаған
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында электр желісінің бағаналары құлап бес сиырды тоқ соқты. Оқиға Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округінде болған, деп хабарлайды mgorod.kz.
Ауыл әкімі Жақсылық Хайрелов электр беру желілерінің шынымен тозғанын және апаттық жағдайда екенін растады. Олардың дені 1950 жылдары орнатылған.
"Оқиға Пятимар ауылынан 12 шақырым жердегі Телятов және Қамыстыкөл қыстауларының арасында болған. Электр желісінің екі тірегі қатты желден құлап, жақын жерде жайылып жүрген бес сиырды тоқ соққан. Сиырлар барлығы чиптелген, белгілері бар. Оқиға орнына менімен бірге ауыл электриктері, мал дәрігері, мал иелері барды. Біз ауылдықтардың шығынға ұшырағанын түсінеміз және мемлекет тарапынан өтемақы төленеді деп үміттенеміз", - деді Пятимар ауылдық округінің әкімі.
Ол мұндай жағдай алдағы уақытта бірнеше рет қайталануы мүмкін екенін атап өтті. Шалғай елді мекендерде ғана емес, ауылдың өзінде де электр желілері мен тіректер тозған.
"Былтыр жөндеу жұмыстары басталған сияқты, биыл жұмыстар жалғасады деп үміттенеміз. Өтінімдерді әкімдік бермейді, өйткені желілер мен тіректер аудандық энергия желісінің балансында", - деп түйіндеді Жақсылық Хайрелов.
Жаңалықтар
0