https://sputnik.kz/20220515/uyyqtap-qalgan-oqushy-24819783.html
БҚО-да өз үйінің маңында ұйықтап қалған оқушыны ондаған адам іздеді
БҚО-да өз үйінің маңында ұйықтап қалған оқушыны ондаған адам іздеді
Sputnik Қазақстан
Батыс Қазақстан ауылдарының бірінде жоғалып кеткен жасөспірімді іздеу шараларына полиция, шекарашылар мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды 15.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-15T14:43+0500
2022-05-15T14:43+0500
2023-08-09T09:47+0500
өңірлер
оқушы
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/711/84/7118474_0:79:1498:922_1920x0_80_0_0_8ea6fcf5ad13e0cdf2f00ba845601f64.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Ата-анасы он бір жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға шағымданғаннан кейін Батыс Қазақстан облысындағы құқық қорғау органдары мен жедел-құтқару қызметінің бірнеше қызметкері түні бойы іздеу жұмыстарын жүргізген. Кәмелет жасына толмаған баланың жоғалғаны туралы 14 мамыр түні сағат он бір жарым шамасында белгілі болған, деп жазды "Мой город" порталы. Іздеу шараларымен мейлінше үлкен аумақты қамту үшін полиция төтенше жағдайлар департаменті және облыстық ҰҚКД шекара қызметінің қызметкерлерінен көмек сұрады. Оқушы таңға жуық табылды."Таңғы сағат 5 шамасында полиция қызметкерлері баланы тапты. Ол аман-есен, ешқандай зақым келмеген. Өз үйінің ауласындағы пішен сарайда ұйықтап қалған", - деп хабарлады жергілікті полиция басқармасында. Еске салсақ, шамамен бір жыл бұрын Бәйтерек ауданында осы секілді жағдай тіркелді. Ол кезде құқық қорғаушылар мен волонтерлер Зеленое ауылындағы жоғалып кеткен тоғыз жастағы баланы іздеумен айналысты. Кейіннен ұл баланың көрші үйдегі пішен сарайда ұйықтап қалғаны белгілі болды.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/711/84/7118474_83:0:1416:1000_1920x0_80_0_0_ddca46af74534f0ae76969120d7c7176.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, батыс қазақстан облысы
оқушы, батыс қазақстан облысы
БҚО-да өз үйінің маңында ұйықтап қалған оқушыны ондаған адам іздеді
14:43 15.05.2022 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) Батыс Қазақстан ауылдарының бірінде жоғалып кеткен жасөспірімді іздеу шараларына полиция, шекарашылар мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Ата-анасы он бір жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға шағымданғаннан кейін Батыс Қазақстан облысындағы құқық қорғау органдары мен жедел-құтқару қызметінің бірнеше қызметкері түні бойы іздеу жұмыстарын жүргізген.
Кәмелет жасына толмаған баланың жоғалғаны туралы 14 мамыр түні сағат он бір жарым шамасында белгілі болған, деп жазды "
Мой город" порталы.
"Бәйтерек ауданындағы Дарьинск ауылында 2010 жылы туған оқушы үйінен шығып, қайта оралмаған. Ол малды өрістен күтіп алуға кеткен, өзімен бірге ұялы телефоны болмаған", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іздеу шараларымен мейлінше үлкен аумақты қамту үшін полиция төтенше жағдайлар департаменті және облыстық ҰҚКД шекара қызметінің қызметкерлерінен көмек сұрады. Оқушы таңға жуық табылды.
"Таңғы сағат 5 шамасында полиция қызметкерлері баланы тапты. Ол аман-есен, ешқандай зақым келмеген. Өз үйінің ауласындағы пішен сарайда ұйықтап қалған", - деп хабарлады жергілікті полиция басқармасында.
Еске салсақ, шамамен бір жыл бұрын Бәйтерек ауданында осы секілді жағдай тіркелді. Ол кезде құқық қорғаушылар мен волонтерлер Зеленое ауылындағы жоғалып кеткен тоғыз жастағы баланы іздеумен айналысты. Кейіннен ұл баланың көрші үйдегі пішен сарайда ұйықтап қалғаны белгілі болды.