https://sputnik.kz/20220515/qazaqstan-ortalyq-aziya-student-24813821.html
Қазақстан Орталық Азия елдерінің студенттері үшін "әл-Фараби" стипендиясын іске қосады
Қазақстан Орталық Азия елдерінің студенттері үшін "әл-Фараби" стипендиясын іске қосады
Sputnik Қазақстан
Өңірлік деңгейде ынтымақтастықты нығайтып, аймақта біртұтас кеңістік құруға мүмкіндік беретін Орталық Азия жоғары білім аймағы құрылады 15.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-15T08:09+0500
2022-05-15T08:09+0500
2023-08-09T16:12+0500
білім және ғылым министрлігі
мемлекеттік стипендия
https://sputnik.kz/img/1110/99/11109908_0:32:3072:1760_1920x0_80_0_0_0c3abc72c48b692a973a2da81fb941bb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстан әл-Фараби атындағы стипендиялық бағдарламаны іске қосып, Орталық Азия елдерінің азаматтарына квота бөледі.Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.Жаңа бағдарламаны іске қосу туралы бастама Орталық Азия елдері ректорларының форумында көтерілді. Оған министрліктер өкілдерінің, сондай-ақ Орталық Азия елдері университеттерінің 133 өкілі қатысты.Аймағамбетовтың айтуынша, бұл – былтыр қол қойылған Түркістан декларациясында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыратын форум.Биыл Қазақстан Чехиямен бірге Болон процесін Басқару тобына (BFUG) тең төрағалық етіп жатыр."Бүгін біз Қазақстанда BFUG өкілдігін ашу мәселесін көтердік. Бұл Еуропа мен Орталық Азия елдері арасындағы жоғары білім саласындағы әріптестікті күшейтуге және Болон процесі қағидаттарын өңірде таратуға мүмкіндік береді", - деді Аймағамбетов.Форумның қорытындысы бойынша:Университеттер өз арасында оқытушылар және студенттермен алмасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1110/99/11109908_307:0:3038:2048_1920x0_80_0_0_6fc73be3566e398fff3ba035a464d4be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім және ғылым министрлігі, мемлекеттік стипендия
білім және ғылым министрлігі, мемлекеттік стипендия
Қазақстан Орталық Азия елдерінің студенттері үшін "әл-Фараби" стипендиясын іске қосады
08:09 15.05.2022 (жаңартылды: 16:12 09.08.2023) Өңірлік деңгейде ынтымақтастықты нығайтып, аймақта біртұтас кеңістік құруға мүмкіндік беретін Орталық Азия жоғары білім аймағы құрылады
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстан әл-Фараби атындағы стипендиялық бағдарламаны іске қосып, Орталық Азия елдерінің азаматтарына квота бөледі.
Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Жаңа бағдарламаны іске қосу туралы бастама Орталық Азия елдері ректорларының форумында көтерілді. Оған министрліктер өкілдерінің, сондай-ақ Орталық Азия елдері университеттерінің 133 өкілі қатысты.
Аймағамбетовтың айтуынша, бұл – былтыр қол қойылған Түркістан декларациясында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыратын форум.
"Біз әл-Фараби атындағы стипендиялық бағдарламаны іске қосып, Орталық Азия елдерінің азаматтарына квота бөлуге дайынбыз", - деп атап өтті министр.
Биыл Қазақстан Чехиямен бірге Болон процесін Басқару тобына (BFUG) тең төрағалық етіп жатыр.
"Бүгін біз Қазақстанда BFUG өкілдігін ашу мәселесін көтердік. Бұл Еуропа мен Орталық Азия елдері арасындағы жоғары білім саласындағы әріптестікті күшейтуге және Болон процесі қағидаттарын өңірде таратуға мүмкіндік береді", - деді Аймағамбетов.
Форумның қорытындысы бойынша:
Орталық Азия ЖОО-ларының альянсын құру туралы меморандум қабылданды.
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан университеттері арасында екіжақты келісімдерге қол қойылды.
Орталық Азия елдерінде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу мүмкіндігі талқыланды.
Әр мемлекет үшін басым бағыттар бойынша бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын әзірлеу жоспары әзірленді.
Университеттер өз арасында оқытушылар және студенттермен алмасады.