Павлодар облысында мұғалім оқушыны тұншықтырғаны үшін жазаланды

© Sputnik / Дмитрий Дмитриев / Медиабанкке өтуСпортзал, архивтегі фото
Спортзал, архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2022
Жазылу
Педагогпен қатар мектеп директорына да сөгіс жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Павлодар облысында ауыл мұғалімі оқушыға дөрекілік танытқаны үшін жазаланды, деп хабарлады Тереңкөл ауданының білім бөлімі.
Павлодарлық пабликтердің бірінде Тереңкөл ауданының Береговое ауылындағы мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін мұғалімге шағым айтылған. Шағымда 13 мамырда педагог Мәди Дәулетпаев оқушылардың көзінше басқа бір "оқушыны ұрып, итеріп және тұншықтыратын әдіс қолданғаны" жазылған. Сегізінші сынып оқушысының "тыныс алу реті бұзылып, тәрбие жөніндегі оқу меңгерушісі оны үйіне жеткізген".
Тереңкөл білім бөлімі осы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.
Анықталғандай, "13 мамырда спорт ойындарын жүргізу кезінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мәди Дәулетпаев ойын ережесін сақтамағаны үшін сегізінші сынып оқушысына ескерту жасаған. Оқушы ескертуге дөрекі жауап қатып, мұғалімді қолынан ұрып жіберген. М.Дәулетпаев оқушыны мойын тұсынан ұстап, өзіне қарай тартқан".
Мектеп әкімшілігі оқушымен сұхбат жүргізілгенін хабарлады. Ата-ана мұғалімге ешқандай шағым түсірмеді.
Әйткенмен, мектептегі әдеп кеңесі мұғалімнің іс-әрекетін қарап, оған қатаң сөгіс жариялады. Ал мектеп директоры К.Ибраева білім бөлімінен қатаң сөгіс алды.
Бала, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Балаға дөрекілік танытқан павлодарлық тәрбиеші жазаланды
Жаңалықтар
0