Екібастұз тұрғыны шолақ мылтықпен аулада жүрген

© Photo : ДП Нур-СултанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2022
Жазылу
Ер адам ұсталды, қару тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Екібастұзда көпқабатты тұрғын үйдің ауласында шолақ мылтық ұстап серуендеп жүрген мас ер адам ұсталды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жергілікті пабликте ер адам көппәтерлі үйдің ауласында шолақ мылтық ұстап жүргені жайлы видео жарияланды.
Полиция бұл хабарламаға қатысты тез арада әрекет етті.
"Ер адам ұсталды, ол 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Оның қолында болған бір атар тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен 16 калибрлі екі патрон тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жолданды. Сараптама нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Құқық қорғаушылар ер адамның мас болғанын және есін жиғанға дейін айықтырғыш мекемеге жатқызылғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0