Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда із-түссіз жоғалған ер адамды іздестіріп жатыр

© департамент полиции Северо-Казахстанской областиП
П - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2022
Жазылу
57 жастағы ауыл тұрғынын іздеу 8 мамырдан бері жалғасып жатыр және әзірше еш нәтиже берген жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр — Sputnik. Солтүстік Қаазақстан облысының Тайыншы ауданында полиция, волонтерлер және жанашыр адамдар Келлеровка ауылының із-түссіз жоғалған тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
57 жастағы Багинский Сергей Владимирович жоғалып кетті. Оның туыстары 8 мамырда полиция көмегіне жүгінді. Бастапқы іздеу жұмыстары нәтиже бергени жоқ.
Сондықтан 3 мамыда тәртіп сақшылары іздеу шараларына атсалысу үшін WhatsApp мессенджері арқылы жергілікті тұрғындарға үндеу жолдады.
"Волонтерлер, белсенділер, мұғалімдер, өрт сөндірушілер мен жергілікті әкімдік қызметкерлері, қолы бос азаматтар, "Қазақтелеком" жұмысшылары, бас-аяғы 25 адам көмекке келді. Олар ауылдық полиция бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп аумақты секторға бөлу арқылы іздеу жүргізіп жатыр. Lider.kz волонтерлер қозғалысының өкілдері жоғалған азамат туралы ақпаратты әлеуметтік желіде таратты", - деп хабарлады полицияда.
Жоғалған адамның сырт белгілері: бойы 165 сантиметр, арық, шашы мен мұрты ағарған. Үстінде қара күртеше және басына кепка киген. Полицейлер ер адам туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден 102 арнасына хабарласуды сұрайды.
"Жоғалған адамды кезекшілік тәулікте табу мүмкін болмаған жағдайда жанашыр адамдардың іздеу шараларына қатысуы полиция жұмысына үлкен қолдау болып табылады", - дейді СҚО ПД криминалды полиция басқармасының басшысы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев.
Жыл басынан бері облыстық полиция бөлімшесіне адамның жоғалуы туралы 141 шағым түскен және бүгінде оның ішінде 138 адам табылған.
Жаңалықтар
0