Денсаулық

Қазақстанда алғаш рет жалған буынды алу бойынша күрделі ота жасалды – фото

© клиника "Аланда"Жалған буынды алу бойынша ота
Жалған буынды алу бойынша ота - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2022
Жазылу
Бүкіл әлемдегі медицина мамандары жалған буын патологиясын жою бойынша консервативті терапевтік әдістер тиімсіз болғандықтан, бұл дерттті емдеудің жаңа жолдарын іздестіріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет баланың жалған буынын ауыстыру бойынша ерекше ота жасалды.
Бес жасар бала сол жақ жіліншік сүйектерінің ортаңғы үштен бір бөлігінің туа біткен жалған буыны дертіне шалдыққан. Клиникалық диагноз: сол жақ жіліншік сүйегінің асықты жілігінің туа біткен гемимелиясы, 2-тип.
Жекеменшік клиникалардың бірінде күрделі отаны хирург Болатбек Досанов жасады.
© клиника "Аланда"Жалған буынды алу бойынша күрделі ота
Операция по устранению ложного сустава у ребенка - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2022
Жалған буынды алу бойынша күрделі ота
"Балаға импланттан бөлек жамбас сүйектің жалпақ басының қырынан кемік сүйек пен сүйек қабығына аутотрансплантация жасалды. Жалған буынның жақсы бітуі және тоқтауы үшін остетомия аумағына жатқызылды. Аяқ кокситті гипспті таңғышпен бекітілді", - деп хабарлады клиникадағылар.
Патологияны бұған дейін де хирургиялық жолмен жою бойынша бірнеше рет талпыныс болғанымен, кеселді жою мүмкін болмаған. Операция америкалық ортопед D. Paley әдісі бойынша жүргізілді.
"Мен дайындаған Dossanov атты жіліктің телескопиялық интрамедулярлы импланты қолданылған әдістің бір ерекшелігі болып отыр. Бұл имплант әлемдегі аналогтарға қарағанда бірқатар артықшылыққа ие", - деді қазақстандық хирург-ортопед.
© клиника "Аланда"Ота кезінде қолданылған имплант қазақстандық зауытта дайындалған
Операция по устранению ложного сустава у ребенка - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2022
Ота кезінде қолданылған имплант қазақстандық зауытта дайындалған
Айта кетері, ота кезінде қолданылған имплант қазақстандық медициналық металл конструкциялар шығаратын зауытта дайындалған.
Дәрігерлер ақаулы остеогенезі бар балаларға көмектесетін "телескоптарды" сериялы түрде шығаруды жоспарлап отыр.
Жалған буын деген не
Жалған буын – бұл жарақаттың салдары. Ол сүйек сынған жағдайлардың шамамен 2-3%-інде кездеседі және сүйек бөліктерінің дұрыс емес бітуімен сипатталады. Жалған буын жілік тұтастығының бұзылуымен сипатталады. Соның салдарынан аяқ әдеттен тыс бағытта қозғала бастайды.
Сүйек арасында уақыт өте келе құрылымын өзгертетін біріктіруші тін пайда бола бастайды. Бұл патология балаларда туа біткен сипатта болуы да мүмкін.
Жаңалықтар
0