https://sputnik.kz/20220514/otbasy-kuni-elorda-zhas-zhubay-24807720.html
Отбасы күні: елордада 15 жас жұбай "Бәйтеректе" некелерін қиды
Отбасы күні: елордада 15 жас жұбай "Бәйтеректе" некелерін қиды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда Отбасы күні 2013 жылдан бері аталып келеді 14.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-14T14:33+0500
2022-05-14T14:33+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
жас жұбайлар
астана
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0e/24806761_0:57:1079:664_1920x0_80_0_0_3d6be0dd74433c5f81022d8103ac09ac.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 15 мамырда Отбасы күні аталып өтеді. Осы күннің қарсаңында елордада жас жұбайлар "Бәйтерек" монументінің үстінде неке туралы куәліктерді салтанатты түрде алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Жастардың көбі бұл мерекеден хабардар және көктемнің шуақты күндері некелерін заңдастыруға тырысады. Олардың арасында Есіл ауданының АХАТ-ына неке қиюға өтініш берген оқытушылар, дәрігерлер, студенттер, кәсіпкерлер және басқа да кәсіп өкілдері бар.Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев атап өткендей, статистикаға сәйкес, Қазақстанда некенің ең көп саны көктем мезгілінде тіркеледі.Айта кетерлігі, Отбасы күніне орай елордада дәстүрлі түрде отбасы мәртебесін арттыруға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Жас жұбайларға отбасы бақытын Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев та тіледі.Елорданың қақ ортасында некелерін заңдастырған жұптардың бірі Сәния Қалау мен Александр Денисенко болды."Бұл күн ерекше есте қалады, өйткені біз өз қуанышымызды өзге де ғашықтармен бөлістік. Біз тек өзіміз үшін ғана емес, қасымызда тұрған жандар үшін де қуандық. Мұның бәрін арада көп жылдан кейін сондай бір жылы сезіммен еске алатын боламыз", – дейді Сания.Есіл ауданының АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова айтқандай, атаулы күндер некеге тұрғысы келетін қазақстандықтар арасында аса танымал."Бұл өмірде отбасы секілді маңызды ешнәрсе жоқ. Салт-дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Қоғамда жастардың ажырасқанын қаламаймыз. Сондықтан отбасы институтын кеңінен насихаттауға тырысамыз. Қазіргі уақытта қалыңдық пен күйеу жігіттің орташа жасы – 28 жас. Оларға махаббаттарын күшейтіп, балалы-шағалы болуды ғана тілейміз!" – деп түйіндеді Раушан Зарирова.Еске сала кетейік, Қазақстанда Отбасы күні 2013 жылдан бері аталып келеді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0e/24806761_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_32d659be35cc213b2ade7b174fd93739.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жас жұбайлар, астана
Отбасы күні: елордада 15 жас жұбай "Бәйтеректе" некелерін қиды
14:33 14.05.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Қазақстанда Отбасы күні 2013 жылдан бері аталып келеді
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 15 мамырда Отбасы күні аталып өтеді. Осы күннің қарсаңында елордада жас жұбайлар "Бәйтерек" монументінің үстінде неке туралы куәліктерді салтанатты түрде алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жастардың көбі бұл мерекеден хабардар және көктемнің шуақты күндері некелерін заңдастыруға тырысады. Олардың арасында Есіл ауданының АХАТ-ына неке қиюға өтініш берген оқытушылар, дәрігерлер, студенттер, кәсіпкерлер және басқа да кәсіп өкілдері бар.
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев атап өткендей, статистикаға сәйкес, Қазақстанда некенің ең көп саны көктем мезгілінде тіркеледі.
Айта кетерлігі, Отбасы күніне орай елордада дәстүрлі түрде отбасы мәртебесін арттыруға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Жас жұбайларға отбасы бақытын Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев та тіледі.
"Өмірдегі басты оқиға елорданың қақ ортасында – "Бәйтерек" монументінде болып отыр. Сіздерді осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын, бақыт пен амандық тілеймін!" – деді әкім.
Елорданың қақ ортасында некелерін заңдастырған жұптардың бірі Сәния Қалау мен Александр Денисенко болды.
"Бұл күн ерекше есте қалады, өйткені біз өз қуанышымызды өзге де ғашықтармен бөлістік. Біз тек өзіміз үшін ғана емес, қасымызда тұрған жандар үшін де қуандық. Мұның бәрін арада көп жылдан кейін сондай бір жылы сезіммен еске алатын боламыз", – дейді Сания.
Есіл ауданының АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова айтқандай, атаулы күндер некеге тұрғысы келетін қазақстандықтар арасында аса танымал.
"Бұл өмірде отбасы секілді маңызды ешнәрсе жоқ. Салт-дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Қоғамда жастардың ажырасқанын қаламаймыз. Сондықтан отбасы институтын кеңінен насихаттауға тырысамыз. Қазіргі уақытта қалыңдық пен күйеу жігіттің орташа жасы – 28 жас. Оларға махаббаттарын күшейтіп, балалы-шағалы болуды ғана тілейміз!" – деп түйіндеді Раушан Зарирова.
Еске сала кетейік, Қазақстанда Отбасы күні 2013 жылдан бері аталып келеді.