Денсаулық

Коронавирус жұқтырғандар екі қалада ғана анықталды

© AFP 2024 / STRАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2022
Жазылу
Қазіргі таңда 561 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша коронавирус жұқтырған бес адам тіркелді.
Нұр-Сұлтан қаласында - 1, ал Алматы қаласында 4 адам індетке шалдыққан.
Жалпы елімізде пандемия басталғалы 1 305 636 қазақстандық коронавирус жұқтырды. Соның ішінде 1 291 748 адам сауығып шықты.
14 мамырдағы мәлімет бойынша, 561 адам коронавирус инфекциясынан (–227+ және 334 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 51 пациент стационарда, 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында:
11 пациенттің жағдайы ауыр;
2 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
13 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 491 849 адам, 2-ші компонентін 9 260 542 адам салдырды.
Жаңалықтар
0