Спорт

Чемпион Данияр Елеусіновтың жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

© Photo : из личного архиваДанияр Елеусинов
Данияр Елеусинов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2022
Жазылу
Қазақстандық танымал боксшы 25 маусымда АҚШ-та украин Иван Голубпен жекпе-жек өткізеді
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) маусымда жартылай орта салмақта ІВО нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды, деп хабарлайды "Хабар 24".
31 жастағы қазақстандықтың жекпе-жегі 25 маусымда АҚШ-та өтеді. Оның бәсекелесі – Украина спортшысы Иван Голуб (20-1, 15 КО).
12 раундтқа созылатын жекпе-жек Triller Fight Club промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын шоу аясында өтеді.
Елеусінов алғашқы титулын Қазақстандағы тұңғыш кәсіби жекпе-жекте жеңіп алып, артынша карьерасындағы ең үлкен гонорарға қол жеткізді.
Ол чемпион белбеуін жеңіп алғаннан кейін IBF желісі бойынша жұдырықтасуды жоспарлаған болатын. Бірақ артынша WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) күш сынасты.
Жаңалықтар
0