https://sputnik.kz/20220514/almatyda-prokurorlar-qurylys-mekemesin-sotqa-berdi-24805911.html
Алматыда прокурорлар құрылыс мекемесін сотқа берді
Алматыда прокурорлар құрылыс мекемесін сотқа берді
Sputnik Қазақстан
Бостандық ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешені іргелес тұратын тұрғындардың наразылық акциясына шығуына себепші болды 14.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-14T12:35+0500
2022-05-14T12:35+0500
2022-05-14T12:35+0500
өңірлер
алматы
прокурор
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0e/24805218_0:127:964:669_1920x0_80_0_0_cf8d5ab0c235ae7237a802f582bf0821.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы Алматы қалалық жобалау және урбанистика басқармасының эскиз жобасын келісу бойынша әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді.Сәтпаев көшесі, 26/4-үй мекенжайы бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешені дауға себеп болып отыр. Мердігер – "Bi RealtyAlmaty" ЖШС.Тұрғындар осы учаскеде нысандардың тым тығыз орналасып салынып жатқанына наразылық білдірген. Олар бұл ауданда саябақтар, әлеуметтік нысандар мен тұрақ орындарының жоқ екеніне шағымданған.Прокурорлар халық тығыздығы мен нысан құрылысы құрылыс нормаларының рұқсат етілген шекті параметрінен асып түскенін, сондай-ақ әлеуметтік білім беру нысандарына түсіп отырған қазіргі жүктеме есепке алынбағанын анықтады.Мердігер 900 орынға арналған мектеп салуға уәде етті. Алайда осы нысан радиусында қазірдің өзінде балабақша мен жалпы білім беретін мектептердің 2 274 орынға тапшылығы тіркелген. Яғни, мердігер мектеп салған күннің өзінде тапшылық 1 374 орынды құрайды. Яғни, басқа да құрылыс нормалары мен ережелері бұзылғаны анықталды.Прокуратура шағын аудан тұрғындары мен әлеуметтік мәселелерді есепке алып, осы нысан құрылысының тұжырымдамасын қайта қарау керек деп санайды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0e/24805218_4:0:964:720_1920x0_80_0_0_e2a1ab9cac23c510c8627da935f72fb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, прокурор
Алматыда прокурорлар құрылыс мекемесін сотқа берді
Бостандық ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешені іргелес тұратын тұрғындардың наразылық акциясына шығуына себепші болды
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы Алматы қалалық жобалау және урбанистика басқармасының эскиз жобасын келісу бойынша әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді.
Сәтпаев көшесі, 26/4-үй мекенжайы бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешені дауға себеп болып отыр. Мердігер – "Bi RealtyAlmaty" ЖШС.
Тұрғындар осы учаскеде нысандардың тым тығыз орналасып салынып жатқанына наразылық білдірген. Олар бұл ауданда саябақтар, әлеуметтік нысандар мен тұрақ орындарының жоқ екеніне шағымданған.
Прокурорлар халық тығыздығы мен нысан құрылысы құрылыс нормаларының рұқсат етілген шекті параметрінен асып түскенін, сондай-ақ әлеуметтік білім беру нысандарына түсіп отырған қазіргі жүктеме есепке алынбағанын анықтады.
Мердігер 900 орынға арналған мектеп салуға уәде етті. Алайда осы нысан радиусында қазірдің өзінде балабақша мен жалпы білім беретін мектептердің 2 274 орынға тапшылығы тіркелген. Яғни, мердігер мектеп салған күннің өзінде тапшылық 1 374 орынды құрайды. Яғни, басқа да құрылыс нормалары мен ережелері бұзылғаны анықталды.
Прокуратура шағын аудан тұрғындары мен әлеуметтік мәселелерді есепке алып, осы нысан құрылысының тұжырымдамасын қайта қарау керек деп санайды.