https://sputnik.kz/20220513/ulttyq-bank-alayaqtyq-mobildik-qosymsha-24798852.html
Ұлттық банк алаяқтықпен айналысатын мобильдік қосымшалардың көбейгенін ескертті
Ұлттық банк алаяқтықпен айналысатын мобильдік қосымшалардың көбейгенін ескертті
Sputnik Қазақстан
Мұндай фейк сайттардың мақсаты – кездейсоқ интернет-пайдаланушының жеке деректерін жинау және ақша ұрлау 13.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-13T19:16+0500
2022-05-13T19:16+0500
2022-05-13T19:16+0500
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e5/09/05/18045168_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_40dc5009ba6979b0a374fa0b6bd8dea2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк алаяқтықпен айналысатын сайттардың көбейгенін ескертеді. Олар өзін жеке инвестиция тарту үшін Ұлттық банк әзірлеген бағдарлама ретінде таныстырады. Ондай "бағдарламалардың" кейбірінде мобильдік қосымша да бар.Анықталған ресурстарда "Мемлекеттің алтын-валюта қорынан" немесе "Қазақстанның ұлттық ресурстарынан" түсетін кірісті бағдарламаға қатысушылардың пайдасына бөлу туралы жалған ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ, Ұлттық Банк басшылығының, оның ішінде бұрынғы басшылардың атынан шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдемелер, қолданыста жоқ лицензиялардың нөмірлері, жалған құқық белгілейтін құжаттардың скан-көшірмелері де берілген.Мұндай ресурстарда алаяқтық әрекеттердің белгісі анық білінеді, өйткені:Түптеп келгенде мұндай фейк сайттардың мақсаты – кездейсоқ интернет-пайдаланушының жеке деректерін жинау және ақша ұрлау.Ұлттық банк мұндай жарнамаларды елемеуге, керісінше, бұл контентті алаяқтық деп белгілеуге, ал жеке ақпараттың тарап кетуіне жол берілген жағдайда алаяқтық фактісі бойынша іс тексерілуі үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/05/18045168_84:0:1221:853_1920x0_80_0_0_c0229d34e4b4a75479e6f39cc358c416.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк
Ұлттық банк алаяқтықпен айналысатын мобильдік қосымшалардың көбейгенін ескертті
Мұндай фейк сайттардың мақсаты – кездейсоқ интернет-пайдаланушының жеке деректерін жинау және ақша ұрлау
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк алаяқтықпен айналысатын сайттардың көбейгенін ескертеді.
Олар өзін жеке инвестиция тарту үшін Ұлттық банк әзірлеген бағдарлама ретінде таныстырады. Ондай "бағдарламалардың" кейбірінде мобильдік қосымша да бар.
Анықталған ресурстарда "Мемлекеттің алтын-валюта қорынан" немесе "Қазақстанның ұлттық ресурстарынан" түсетін кірісті бағдарламаға қатысушылардың пайдасына бөлу туралы жалған ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ, Ұлттық Банк басшылығының, оның ішінде бұрынғы басшылардың атынан шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдемелер, қолданыста жоқ лицензиялардың нөмірлері, жалған құқық белгілейтін құжаттардың скан-көшірмелері де берілген.
Мұндай ресурстарда алаяқтық әрекеттердің белгісі анық білінеді, өйткені:
Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасамайды;
Ұлттық Банк "Мемлекеттік қорлардан" пайда табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайды.
Байланыс құралы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында тіркелген құқық белгілейтін құжаттар немесе тиісті лицензиялар көрсетілмеген (бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының лицензиялары бар ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында "Қаржы нарығы" бөлімінде жарияланған).
Түптеп келгенде мұндай фейк сайттардың мақсаты – кездейсоқ интернет-пайдаланушының жеке деректерін жинау және ақша ұрлау.
Ұлттық банк мұндай жарнамаларды елемеуге, керісінше, бұл контентті алаяқтық деп белгілеуге, ал жеке ақпараттың тарап кетуіне жол берілген жағдайда алаяқтық фактісі бойынша іс тексерілуі үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.