Қоғам

Тоқаев БАӘ президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бірікке Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның қайтыс болуына байланысты Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға және шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты.
"БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның қайтыс болуына байланысты Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға және шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айттым. Шейх Халифа Әмірліктердің дамуы мен халқының игілігі жолында ұзақ жылдар бойы қалтқысыз қызмет етті. Қазақстан халқы шейх Халифа Әл Наһаянды екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға сүбелі еңбек сіңірген тұлға ретінде есте сақтайды. Марқұмның иманы саламат болсын!",-деп жазды президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Жаңалықтар
0