Экономика

Теңге биржада тағы нығайды

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге, доллар
Теңге, доллар - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Жазылу
Айырбастау пунктерінде доллардың құны – 440 теңге
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 428,23 теңгені құрады.
Сауда қатысушылары теңге-доллар жұбымен жалпы сомасы 152,3 млн долларға 329 мәліме жасады. Бұл 12 мамырмен салыстырғанда 40,2 млн долларға артық. Ол кезде доллардың орташа бағамы 434,97 теңге болды.
Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 433-436 теңгеге сатып алып, 437-440 теңгеден сатып жатыр.
Ал рубльдің орташа бағамы 6,72 теңгені құрады. Сауда қатысушылары жалпы сомасы 612,78 млн рубльге 17 келісім жасады.
Жаңалықтар
0