https://sputnik.kz/20220513/shash-nege-erte-agarady-24784315.html
Шаш неге ерте ағарады - дәрігер басты себептерін атады
Шаш неге ерте ағарады - дәрігер басты себептерін атады
Sputnik Қазақстан
Шашқа меланоцит жасушалары шығаратын мелатонин түс береді 13.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-13T09:56+0500
2022-05-13T09:56+0500
2022-05-13T09:56+0500
денсаулық
ақ шаш
шаш
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0d/24783930_0:0:3078:1731_1920x0_80_0_0_7f8bbc408c706b42cd1af08f492c9623.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Денсаулығы мықты адамдардың шашы ерте ағара қоймайды, көбінесе пигментация денсаулығы сыр бергенін аңғартады, дейді дерматовенеролог, трихолог Денис Барбинов "Доктор Питер" порталына. Кейде ата-ана алғашқы ақ шашты балада да көріп қалуы мүмкін. Бірақ бұл өте сирек жағдай, көбінесе 30-40 жаста шашқа ақ түседі. Көптеген жылдар бойы ғалымдар бұл немен байланысты екенін анықтауға тырысты. Нақты жауап беру әлі де қиын, бірақ шашқа ерте ақ түсуі тұқымқуалаушылық болмаса, трихологқа барған жөн.Біздің шашымызға меланоцит жасушалары шығаратын мелатонин түс береді. Пигмент азайған кезде шаш біртіндеп түссіздене бастайды. Егде жастағы адамдарда ақ шаш меланоциттердің табиғи қартаюынан болады, ал жас адамдарда әртүрлі жағдайларға байланысты жасуша белсенділігінің төмендейді.ТұқымқуалаушылықЖас 25 жасқа дейін ағарса, ерте болып саналады. Генетика мен ақ шаштың байланысын қазіргі ғылыми зерттеулер растайды. Ұлыбритания ғалымдары меланин өндіруге қатысатын арнайы IRF4 генін тапты.Гормоналды ақ шашЭндокриндік жүйе, ең алдымен қалқанша безі де меланоцит жасушаларының жұмысын реттейді. Сондықтан қалқанша безінің кез-келген бұзылуы меланин деңгейінің төмендеуіне және шаш пигментациясының жоғалуына әкелуі мүмкін. Қалқанша безінің гормондарын бағалау керек.Аутоиммунды аурулар Шаштың ерте ағаруы аутоиммунды ауру салдары болуы мүмкін. Мысалы, целиакии ауруы — глютенге төзбеушілік. Меланиннің жетіспеушілігі сонымен қатар адамдарда "таз дақтар" пайда болатын алопециямен қатар жүреді. Шаш қайта өссе де, түсін сақтау қиындау.Ауыр дертЕрте ақ шаш көбінесе витилиго - тері пигментациясының бұзылуы бар науқастарда байқалады. Нейрофиброматоз - ісіктердің дамуымен және теріде қоңыр дақтардың пайда болуымен қатар жүретін тұқым қуалайтын ауру.Витамин мен микроэлемент тапшылығыДәрі қабылдауАқ шаш кейбір дәрі-дәрмекті қабылдау кезінде пайда болуы мүмкін. Әдетте, бұл жағдайда терапия аяқталғаннан кейін бірнеше ай ішінде шаштың түсі қалпына келеді.Стресс Стресс кезінде қанға адреналиннің көп мөлшері түседі. Бұл гормон меланиннің шаштың ақуыз құрылымына әсерін тежейді, сондықтан пигмент сіңуін тоқтатады. Сонымен қатар, стресс салдарынан шаш түседі. Біз шашты қаншалықты көп жоғалтсақ, меланоциттер соғұрлым белсенді жұмыс істеуі керек және олар тезірек тозады. Стресс кесірінен түскен шаштар ақ болып өседі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0d/24783930_347:0:3078:2048_1920x0_80_0_0_b0e1ddd8ece2abe0041f0abf952342f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шаш ағару ақ шаш себебі седина причина
шаш ағару ақ шаш себебі седина причина
Шаш неге ерте ағарады - дәрігер басты себептерін атады
Шашқа меланоцит жасушалары шығаратын мелатонин түс береді
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Денсаулығы мықты адамдардың шашы ерте ағара қоймайды, көбінесе пигментация денсаулығы сыр бергенін аңғартады, дейді дерматовенеролог, трихолог Денис Барбинов
"Доктор Питер" порталына.
Кейде ата-ана алғашқы ақ шашты балада да көріп қалуы мүмкін. Бірақ бұл өте сирек жағдай, көбінесе 30-40 жаста шашқа ақ түседі. Көптеген жылдар бойы ғалымдар бұл немен байланысты екенін анықтауға тырысты.
Нақты жауап беру әлі де қиын, бірақ шашқа ерте ақ түсуі тұқымқуалаушылық болмаса, трихологқа барған жөн.
Біздің шашымызға меланоцит жасушалары шығаратын мелатонин түс береді. Пигмент азайған кезде шаш біртіндеп түссіздене бастайды. Егде жастағы адамдарда ақ шаш меланоциттердің табиғи қартаюынан болады, ал жас адамдарда әртүрлі жағдайларға байланысты жасуша белсенділігінің төмендейді.
Жас 25 жасқа дейін ағарса, ерте болып саналады. Генетика мен ақ шаштың байланысын қазіргі ғылыми зерттеулер растайды. Ұлыбритания ғалымдары меланин өндіруге қатысатын арнайы IRF4 генін тапты.
Эндокриндік жүйе, ең алдымен қалқанша безі де меланоцит жасушаларының жұмысын реттейді. Сондықтан қалқанша безінің кез-келген бұзылуы меланин деңгейінің төмендеуіне және шаш пигментациясының жоғалуына әкелуі мүмкін. Қалқанша безінің гормондарын бағалау керек.
Шаштың ерте ағаруы аутоиммунды ауру салдары болуы мүмкін. Мысалы, целиакии ауруы — глютенге төзбеушілік. Меланиннің жетіспеушілігі сонымен қатар адамдарда "таз дақтар" пайда болатын алопециямен қатар жүреді. Шаш қайта өссе де, түсін сақтау қиындау.
Ерте ақ шаш көбінесе витилиго - тері пигментациясының бұзылуы бар науқастарда байқалады. Нейрофиброматоз - ісіктердің дамуымен және теріде қоңыр дақтардың пайда болуымен қатар жүретін тұқым қуалайтын ауру.
Витамин мен микроэлемент тапшылығы
сондай-ақ B және D тобының витаминдері.
Ақ шаш кейбір дәрі-дәрмекті қабылдау кезінде пайда болуы мүмкін. Әдетте, бұл жағдайда терапия аяқталғаннан кейін бірнеше ай ішінде шаштың түсі қалпына келеді.
Стресс кезінде қанға адреналиннің көп мөлшері түседі. Бұл гормон меланиннің шаштың ақуыз құрылымына әсерін тежейді, сондықтан пигмент сіңуін тоқтатады. Сонымен қатар, стресс салдарынан шаш түседі. Біз шашты қаншалықты көп жоғалтсақ, меланоциттер соғұрлым белсенді жұмыс істеуі керек және олар тезірек тозады. Стресс кесірінен түскен шаштар ақ болып өседі.