https://sputnik.kz/20220513/qazaqstandyqtar-zeynetke-erte-shygu-qarsy-emespin-duysenova-24797014.html
Мен қазақстандықтардың зейнетке ерте шығуына қарсы емеспін – Тамара Дүйсенова
Мен қазақстандықтардың зейнетке ерте шығуына қарсы емеспін – Тамара Дүйсенова
Sputnik Қазақстан
Министр қазақстандықтардың табысын ескеріп, зейнетке ерте шығудың бірнеше жолын қарастыру қажет екенін атап өтті 13.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-13T17:03+0500
2022-05-13T17:03+0500
2022-05-13T17:03+0500
қоғам
зейнет жасы
тамара дүйсенова
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0e/24209198_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_5e287049524619b81a0030827c2e2ba1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендетуге қарсы емес екенін мәлімдеді.Кездесу кезінде белсенділер зейнет жасын төмендетуге байланысты өз ұсыныстарын жеткізді. Оны министрлік жанындағы арнайы жұмыс тобы жан-жақты зерделейді.Жиында экономика секторларындағы жасы 50-ден асқан әйелдердің табысы мен әлеуметтік статусы, төмен зейнетақы алатындардың мәселесі де көтерілді.Бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов үкімет қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесін талқылауға дайын екенін айтты.
https://sputnik.kz/20220512/zeynet-zhasy-togzhanov-24769020.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0e/24209198_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_9d90035e597a4bbc365b7dd45638a7c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнет жасы, тамара дүйсенова
зейнет жасы, тамара дүйсенова
Мен қазақстандықтардың зейнетке ерте шығуына қарсы емеспін – Тамара Дүйсенова
Министр қазақстандықтардың табысын ескеріп, зейнетке ерте шығудың бірнеше жолын қарастыру қажет екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендетуге қарсы емес екенін мәлімдеді.
"Мен қазақстандықтардың зейнетке ерте шығуына қарсы емеспін. Бізде қазірдің өзінде зейнетақы аннуитетін рәсімдеуге және зейнет демалысына 55 жаста шығуға мүмкіндік бар. Факторлардың барлығын бірлесе отырып зерттеуіміз керек. Бұл кейін азаматтарымыздың зейнетақысы төмен болмауы үшін қажет. Азаматтардың табысын ескеріп, зейнетке ерте шығудың бірнеше тәсілін қарастыруымыз керек", - деді Тамара Дүйсенова зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету бойынша Қазақстан әйелдері қозғалысының өкілдерімен кездесу барысында.
Кездесу кезінде белсенділер зейнет жасын төмендетуге байланысты өз ұсыныстарын жеткізді. Оны министрлік жанындағы арнайы жұмыс тобы жан-жақты зерделейді.
Жиында экономика секторларындағы жасы 50-ден асқан әйелдердің табысы мен әлеуметтік статусы, төмен зейнетақы алатындардың мәселесі де көтерілді.
Бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов үкімет қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесін талқылауға дайын екенін айтты.