Әлем

Қазақстандық студенттер ресейлік университет жайлы айтты

© Photo : vidhyarthidarpanСтуденттер
Студенттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Жазылу
Басқа елде білім алу кез келген талапкер үшін белгісіздікке толы болады: ол жаңа мәдениетке, қоғамға және менталитетке сіңісуі қажет
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Дон мемлекеттік техникалық университетіндегі Қазақстаннан келген студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, университеттегі өмірі, ұстаздармен қарым-қатынасы туралы айтып берді.
Қазақстандық студенттер болашақта сұранысқа ие маман болу және оқу бітіре салып бірден жұмысқа тұру үшін оқуға түскенде не нәрсеге көңіл аудары керек екенімен бөлісті.

Әлем университеті

Студенттік шақ – әр адамның өміріндегі маңызды кезең. Мұнда орта өзгереді және өседі: жаңа достар мен тиімді таныстықтар пайда болады.
"ДМТУ-да әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген шетелдіктер келіп оқитын үлкен университет екені мен үшін маңызды болды. Мен өзімнен үлкен достарыма хат жаздым, олардың осы оқу орнындағы білім туралы пікірлерін сұрадым және тек оң пікір естідім. Оқуға түскеннен кейін бейімделу оңай болды. Мен топтағы командаға тез-ақ сіңісіп кеттім", - дейді 4-курс студенті Юрия Вигель.
Бүгінде Дон мемлекеттік техникалық университетінде (ДМТУ) 45 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Оның ішінде 55 шет мемлекеттен келген шамамен 3 мыңға жуық студент бар.
"Университет әлемнің 44 еліндегі 114 ұйымымен әріптестік байланыс орнатқан. Бұл негізінен университеттер, ғылыми және ғылыми-зерттеу зертханалары. Біз халықаралық серіктестікті дамыту бағытында жұмысты жалғастырып, Қазақстан, Қытай, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Малайзия және Индонезия университеттерімен ынтымақтастықты жандандырып жатырмыз. Қазір қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру, студенттер және оқытушылармен алмасу, бірлескен ғылыми зертханалар, ғалымдар пікір алмасатын, идеяларын ұсынатын ортақ ғылыми платформалар құру мәселелерін талқылап жатырмыз", - деді ДМТУ ректоры Бесарион Месхи.
Сондай-ақ оқу орнындағы студенттер академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысып, екінші курстан бастап басқа елдерде білім ала алады.

Сенімді бастама

Юрия Қазақстаннан психологияны оқуға келген. Оның бұл оқу орнында 19 отандасы білім алып жатыр.
Александр Томаш "Қара және түрлі-түсті металдар металлургиясы" атты техникалық бағытты таңдады. Ол үшін таңдау кезінде оқу бітіргеннен кейін жұмысқа тұруға кепілдік берілуі маңызды болды.
"Мен сұраанысқа ие маман болатыныма сенімдімін. ДМТУ – Ресейдің оңтүстігіндегі қуатты университеттің бірі, мұнда мен төрт жыл ішінде тамаша білім алдым. Менде оқу бітіргеннен кейінгі қызметім қандай болатыны туралы нақты түсінік бар. Қазір Таганрог металлургиялық зауытында тәжірибеден өтіп жатырмын. Оқуды тәмамдаған соң бірден өндіріске жұмысқа тұруға болады", - деді Александр.
Университет құрылымында инженерлік-техникалық, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық бағытта 24 факультет бар.
"Университеттің бір ерекшелігі – бұл корпоративтік кафедралар. Студенттер жұмыс істеп тұрған аймақтық кәсіпорындардың технологиялық мәселелерін шешеді, ал ол кәсіпорындағы мамандар оқу үдерісіне үлкен үлес қосып жатыр. Олар оқу орнының түлегі жұмысқа орналасу үшін бойында болуы керек білім мен қабілеттерді бағдарламаға енгізеді. Білім алу кезінде осындай кафедралардың студенттері кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді", - деп түсіндірді ДМТУ халықаралық серіктестікті дамыту бөлімінің басшысы Алина Виницкая.
Оның айтуынша, ДМТУ көптеген ресейлік және шетелдік ұйыммен ынтымақтастық орнатқан және бұл түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал етіп отыр. Қазақстан ірі астық экспорттаушы болып табылады және оның ұлттық экономикасында агроөнеркәсіптік кешен маңызды рөл атқарады. ДМТУ білім беру және ғылыми бағытта ауыл шаруашылығын жаңғыртуға баса мән береді.
Оқу орнындағы мамандардың болжамы бойынша, осы бейіндегі түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие.

Өз мүддесі бойынша білім алу

Оқу түскендердің барлығы "Бірінші курс студентінің навигация күндері" атты екі апталық бағдарламадан өтеді.
"Осы уақытта бірінші курс студенттері ДМТУ кампусымен, оқу орнындағы бөлімшелермен, факультеттермен, зертханалармен, ғылыми орталықтармен, оның студенттік қауымдастығының жұмысымен танысады, декандармен кездеседі. Екінші аптадан бастап студенттер қарқынды жобалық іс-шараларға кіріседі. Бұл жобалар олардың білім беру сұраныстарын нақтылауға және білім беру бағдарламаларын игерудің жеке даму траекториясын белгілеуге көмектеседі", - деді Алина Виницкая.
Осыдан кейін студенттер оқу процесіне, университеттің қарбалас өміріне етене араласады.
"Біздің бағыт үшін түрлі елдерден сарапшылар шақырылды. Олар шеберлік кластарын өткізіп, психологиядан тәжірибелік сабақтар жүргізді", - деді Юрия Вигель.
Студенттің айтуынша, университетте өзін-өзі тануға көмектесіп, ол үшін барлық жағдай жасауы өте маңызды. 2021 жылы ДМТУ бүкіл оқу процесін трансформациялау бойынша жаңа жоба – "T-University" (http://t.donstu.ru/) жобасын іске қосты.
Студенттерге білім мен қабілеттің бірегей жиынтығын ала отырып, жеке даму траекториясын құру ұсынылады.
"Ұстаздар әркез алғашқы психологиялық консультация жүрізуді демеп, біздің қызығушылықтарымызды қолдап келді. 3-курста олар тәжірибені ұйымдастыруға көмектесті – мен мектепте балалармен қатты жұмыс істегім келді. Қазір мен ДМТУ-да "Заңгерлік психология" бағыты бойынша магистратура оқуды жалғастыру мүмкіндігін қарастырып жатырмын", - деп бөлісті Юрия.
Александр Томаш та металлургия саласындағы білімін тереңдетуді жоспарлап отыр.
"Оқуымды жалғастырып, магистратураға түскім келеді. Оқытушылармен кеңесіп, сынақ тапсырмалары мен тесттерді орындадым. Оқу орны түсу емтихандарына дайындайды, қосымша сабақтар мен кешкі дәрістер ұйымдастырады", - деді студент.

Университет өмірі

Қазір университетте әлемдік деңгейдегі заманауи жаңа кампустың құрылысы жүріп жатыр. 2020 жылы студенттер қалашығында 8 қабатты әлеуметтік блогы бар 23 қабатты жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Үш орынға арналған пәтерлерде 949 адам тұрады. 2021 жылы оқу орны 25 қабатты тағы екі кешеннің құрылысын бастады. Нысандар 2024 жылға дейін салынып бітеді.
"Барлық шетелдік азаматтарға жатақханадан орын беріледі", – деді ДМТУ қабылдау комиссиясының жауаапты хатшысы Степан Буряков.
Кампус аумағында бассейн, спорт секциялары, бірнеше кітапхана мен компьютерлермен жабдықталған оқу залы, "Наука" ғылыми-өндірістік кешені және студенттік емхана бар. Қара теңіз жағалауындағы Дивноморское ауылындағы оқу орнының спорттық-сауықтыру кешенінде демалып, денсаулықты түзееуге болады.
"Сонымен қатар, ДМТУ-де білім алатын кәсіподақ ұйымының мүшелері үшін университет қолжетімді бағамен Ресей қалаларына саяхат ұйымдастырып, жарыстарда спортшыларға қолдау көрсетеді", - деді Алина Виницкая.
Оның айтуынша, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес ДМТУ-да білім алатын шетел азаматтары оқудан тыс бос уақытта жұмыс істей алады.

Ұйымдастыру процесі

Осы жылы ДМТУ абитуриенттері үшін бакалавриат, специалитет, магистратура және орта кәсіптік білім беру бойынша даярлауға түрлі бағыт бойынша 5 мыңнан астам бюджеттік орын бөлінді.
"Қазақстаннан келген абитуриенттер бюджеттік орынға арналған конкурсқа ресейлік талапкерлермен тең негізде қатыса алады. Сонымен қатар, болашақ студенттер өздерін қызықтыратын кез келген бағытты таңдап, ақылы түрде білім ала алады", - деді Степан Буряков.
Оның айтуынша, ДМТУ-ға құжаттарды тапсырудың үш әдісі бар: жеке кабинет арқылы қашықтан, пошта арқылы немесе университеттің қабылдау комиссиясына келу арқылы.
Оқу орнында атап өткендей, 2022 жылы оқуға қабылдау білім алу туралы құжаттың түпнұсқасы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
ДМТУ бақылау комиссиясының жұмысы 10 маусымда басталады.
Жаңалықтар
0