Экономика

Ұлттық қордың қаржысына сүйенбеу керек – президент

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Ақордада мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық банктің 2021 жылғы жұмысы туралы есебін тыңдауға арналған кеңес өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының қорытындылары, инфляцияны тежеу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, бюджет кірісін арттыру, Ұлттық банктің алтынвалюта резерві мен Ұлттық қордағы активтердің жағдайы туралы баяндамаларды тыңдады.
Мемлекет басшысы Ұлттық қордың жұмысына арнайы тоқталып, пандемия жағдайында және экономикалық ахуал нашарлаған кезде Қор өз міндетін толық орындағанын атап өтті. Президент Ұлттық қордың қаржысын тиімді пайдалану қажеттігіне мән берді.
"Ұлттық қордан жасалған трансферттер 2020 жылы 4,8 триллион теңгені, ал 2021 жылы 4,5 триллион теңгені құрады. Биыл Үкімет тағы да 4,6 триллион теңге сұратып отыр. Бұл – өте қомақты қаржы. Республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатын пайдалануға сүйенбеуі керек. Трансферттерді біртіндеп азайту қажет", – деді президент.
Сонымен қатар жиында Ұлттық қордың инвестициялық кірісін арттыру, активтерді тиімді басқару, алтынвалюта резервтерінің өтімділігі мен сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Жаңалықтар
0