https://sputnik.kz/20220513/el-on-eki-onir-24798992.html
Елдің он екі өңірінде стелс-омикрон штамы анықталды
Елдің он екі өңірінде стелс-омикрон штамы анықталды
Sputnik Қазақстан
Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақтылы жүргізуді ұсынады 13.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-13T20:34+0500
2022-05-13T20:34+0500
2022-05-13T20:34+0500
денсаулық
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/17/18727912_0:127:2433:1496_1920x0_80_0_0_f3e9e85e2357805de2384b1e551af3e0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясы штамдарының түрлі нұсқаларының айналымы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.Барлық өңірлерде BA.1 "Омикрон" штамы 98,6 %-де анықталды, оның ішінде 12 өңірде BA.2 "Стелс-Омикрон" штамы 36,7%-де анықталды. Сондай-ақ, B. 1.617-like Delta штамы айналымда жүр және зерттелетін сынамалар санының 1,4%-ін құрайды.ПТР скрининг нәтижелерін растау үшін толық геномдық секвенирлеу жүргізіледі, ол ағымдағы айдың соңына қарай аяқталады.Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақтылы жүргізуді ұсынады.6 ай бұрын және одан да көп уақыт бұрын вакцинация курсын алған адамдар ревакцинациялауға жататынын естеріңізге саламыз.Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавируске қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін халыққа вакциналардың 3 түрі (Пфайзер, Синофарм және КазВак) қолжетімді, олардың 2-уін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/17/18727912_135:0:2298:1622_1920x0_80_0_0_918e05034abd20fa2529e848fcb77b45.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус
Елдің он екі өңірінде стелс-омикрон штамы анықталды
Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақтылы жүргізуді ұсынады
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясы штамдарының түрлі нұсқаларының айналымы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Барлық өңірлерде BA.1 "Омикрон" штамы 98,6 %-де анықталды, оның ішінде 12 өңірде BA.2 "Стелс-Омикрон" штамы 36,7%-де анықталды.
Сондай-ақ, B. 1.617-like Delta штамы айналымда жүр және зерттелетін сынамалар санының 1,4%-ін құрайды.
ПТР скрининг нәтижелерін растау үшін толық геномдық секвенирлеу жүргізіледі, ол ағымдағы айдың соңына қарай аяқталады.
Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақтылы жүргізуді ұсынады.
6 ай бұрын және одан да көп уақыт бұрын вакцинация курсын алған адамдар ревакцинациялауға жататынын естеріңізге саламыз.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавируске қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін халыққа вакциналардың 3 түрі (Пфайзер, Синофарм және КазВак) қолжетімді, олардың 2-уін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.