Өңірлер

БҚО-да адамдарға қасқыр шапты - зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қалай

© Photo : Pixabay / Madeleine LewanderҚасқыр
Қасқыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Жазылу
Мамандар қасқырда құтыру ауруы болған-болмағанын анықтап жатыр
АЛМАТЫ, 13 мамыр — Sputnik. БҚО-да қасқыр адамдарға шапқаннан кейін ауруханада бір ғана зардап шегуші емделіп жатыр, қалғандары үйде емделеді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер зардап шеккен төрт адамның денсаулығын бақылауда, деп жазды "Мой город" порталы.
"58 жастағы әйел ауруханада жатыр. Дәрігерлер оған оң иық пен білек жарасы диагнозын қойды. Әйелдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екі адам амбулаторлық бақылауға жіберілді. Бала қалада да амбулаторлық бақылауда", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Мамандар қасқырда құтыру ауруы болған-болмағанын анықтап жатыр. Қорытындысы екі ай ішінде дайын болады.
Еске сала кетсек, 7 мамыр күні Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай ауылында қасқыр ауылға кіріп, адамдарға шапты. Төрт адам зардап шекті, олардың бірі - төрт жасар бала.
Жыртқышті өлтірді, жергілікті ветеринарлар қасқыр тістеген бірнеше итті де өлтіруге мәжбүр болды.
Жаңалықтар
0