https://sputnik.kz/20220513/bapker-sportshy-zhynystyq-qatynas-24788840.html
Бапкер 14 жастағы спортшы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді
Бапкер 14 жастағы спортшы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
Аталған фактіге қатысты тергеу мен сот процесі өңірде қоғамдық резонанс тудырды 13.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-13T12:11+0500
2022-05-13T12:11+0500
2022-05-13T12:11+0500
оқиға
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18140912_58:0:1500:811_1920x0_80_0_0_03656bf5e481a9fd5716e7c27b9c71c1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Алматы облысында таэквандо бапкері 14 жастағы қызға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деп айыпталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қылмыстық іс кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. Сот процесі 4 сәуірде Қаскелең қаласында басталған. Келесі отырыс 18 мамырда өтеді. Оқиға халық арасындағы резонанс туғызды. "Немолчи.кз" қоры тергеу шараларын жіті бақылап отырған. Сот процесін де қадағалап жатыр. Қоғам белсенділерінің айтуынша, басында полицейлер 120-бап (Зорлау) және 121-бап (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тергеу шараларын жүргізген. Артынан 122-бапқа (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) ауыстырды. Ол баптың жазасы жеңілдеу. Айта кетері, 122-баптың 1-тармағы бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. "Қылмыстық кодекстің 122-бабы - бұл педофилдер, әсіресе, балаларға арналған спорттық мектептердегі педофилдер үшін кәдімгідей мереке", - дейді "Немолчи.кз" қорының басшысы Дина Смайылова.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18140912_419:0:1500:811_1920x0_80_0_0_c67e330f76b152c61a051afec644ff1b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы
Бапкер 14 жастағы спортшы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді
Аталған фактіге қатысты тергеу мен сот процесі өңірде қоғамдық резонанс тудырды
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Алматы облысында таэквандо бапкері 14 жастағы қызға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деп айыпталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қылмыстық іс кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. Сот процесі 4 сәуірде Қаскелең қаласында басталған. Келесі отырыс 18 мамырда өтеді.
"Сот отырысы жабық өтіп жатыр. Күдікті сотқа келіп жүр, ешқайда кетпеу туралы қолхат берді. Қылмыстық іс 122-бап, яғни 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау ісі бойынша тергелді", - дейді сот мамандары.
Оқиға халық арасындағы резонанс туғызды. "Немолчи.кз" қоры тергеу шараларын жіті бақылап отырған. Сот процесін де қадағалап жатыр.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, басында полицейлер 120-бап (Зорлау) және 121-бап (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тергеу шараларын жүргізген. Артынан 122-бапқа (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) ауыстырды. Ол баптың жазасы жеңілдеу.
Айта кетері, 122-баптың 1-тармағы бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
"Қылмыстық кодекстің 122-бабы - бұл педофилдер, әсіресе, балаларға арналған спорттық мектептердегі педофилдер үшін кәдімгідей мереке", - дейді "Немолчи.кз" қорының басшысы Дина Смайылова.