Қандай азық-түлік өнімдерін пісірер алдында жууға болмайды

© Photo : pixabay / congerdesignСиыр еті
Сиыр еті - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Жазылу
Сарапшылар қандай өнімдерді пісірер алдында жууға болмайтынын айтты. Суық су тағамның дәмін бұзып қана қоймай, қауіпті бактериялардың көбеюіне себепші болады.
Тауық етін және басқа да етті сумен жумаған жөн – өнімнің бетінде қауіпті бактериялар болуы мүмкін, етті жуған кезде олар жан-жаққа ұшып, адам терісіне түседі.
Зиянды микроорганизмдерді тек жоғары температура жоя алады. Мамандар етті пісірер алдында ет шырынын майлықпен (салфетка) кетіруге кеңес береді. Осыдан кейін қолыңызды сабындап немесе жай сумен жуыңыз.
Кейбіреулер кір мен бактериялар тамаққа түспеуі үшін жұмыртқаны жармай немесе қайнатпай тұрып жууды әдетке айналдырған, деп жазды РЕН ТВ.
Дегенмен сарапшылар жуу кезінде қабықтың кеуекті беті арқылы барлық зиянды микроорганизм жұмыртқаға сіңетінін айтады.
Сондай-ақ сарапшылар саңырауқұлақты ұзақ уақыт бойы жууға кеңес бермейді, өйткені олар суды тез сіңіреді – оларды шайып, дереу қағаз сүлгімен сүртіп тастау керек.
Жаңалықтар
0