Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ үшін Украинаға әскери көмек көрсетудің салдары ауыр болуы мүмкін

© AP Photo / Alexei AlexandrovАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Жазылу
Украина төңірегіндегі жағдай Батыс үшін әлдеқайда қайшы әрі күрделі бола бастады. Бір жағынан, Украина Батыс үшін Ресейге қарсы күрестегі басты құрал. Егер ол Киевтен бас тартса, бұл Батыстың өз геосаяси жеңілісін білдіреді. Ал америкалықтар мен еуропалықтар әзірше мұндай қадамға дайын емес, деп жазды РИА Новости.
Екінші жағынан, Батыс тек Украинада ғана емес, бүкіл әлемде конфронтация тудырып отырғаны туралы пікір жиілеп жатыр. Ақырында, ядролық державалардың тікелей қақтығысына алып келетіндей деңгейде жағдай ушығып жатқаны айқындала бастады.
Соңғы уақытта америкалық биліктің шиеленісті ушықтыруды біршама бәсеңдетуге деген ұмтылысын білдіретін ақпарат жиілей бастады. Осыған АҚШ-тың Киевке жоғары шенді ресейлік офицерлер шоғырланған орындар туралы барлау деректерін ұсынудан бас тартқанын жазған The Washington Post мақаласын жатқызуға болады. Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің Қытай жөніндегі баяндамасының соңғы сәтте кейінге қалдырылуы да осының айғағы. Ақырында, америкалықтар Тайвань бойынша өз ұстанымы өзгермейтінін мәлімдеп, өз ойларынан айнып қалғанын аңғартты.
Үшінші жағынан, Украинаны қолдауға Батыс, әсіресе АҚШ бірте-бірте тым үлкен шығын жұмсап жатыр. Вашингтонның Киевке 40 миллиард доллар көлемінде көмек беруге деген құлшынысын жоғары бағалауға болады. Дегемен, қазір Федералды резерв жүйесі кез келген проблеманы валюта шығару білдегін жоғары қуатта іске қосып, шеше салатын 2011 жыл емес. Мұндай саясаттың салдарына қазір экономика қауқары жетпей жатыр. Батыс жүйесінің тұрақтылығы шайқалып, мұны ел азаматтары қатты сезінуде.
"Осы жағдайдың туындауына "Путин агрессиясын" жауапты ету нәтиже бермей тұр. Себебі, америкалықтардың көбі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен қаржылық жағдайдың нашарлауына елдегі билікті кінәлап отыр. Сондықтан басқа құрлықтағы елге өте қомақты қаражат бөлудің салдары тым ауыр болуы мүмкін. Кеше сенатор Рэнд Пол 40 миллиард туралы заң жобасын бұғаттап, бөлінген қаражатты бақылайтын инспектор тағайындауды талап етті және "АҚШ экономикасына қауіп төндіріп, Украинаны құтқара алмаймыз" деп мәлімдеді", - деп жазды РИА Новости.
Тағы бір проблема бар. Батыста қару-жарақ пен зымыран тапшылығы туындады. Украинаға жеткізіліп жатқан қару-жарақ тым жылдам шығындалып жатыр. Bloomberg украин жерінде бір күнде бір апталық норма пайдаланылып жатқанын жазды. НАТО қоймаларындары әскери техника қоры тез азайып, ал америкалық әскери-өнеркәсіптік кешен зауыт қуатының жетіспеушілігіне байланысты өндірісті қажетті деңгейде өсіруга қауқарсыз болып отыр.
Еуропадағы жағдай да мәз емес. Әскери іс-қимыл созылып, украин армиясына қажетті ауыр әрі қымбат тұратын батыс өндірісіндегі әскери техника саны артып жатыр. Ал АҚШ Азия өңіріне, атап айтқанда Қытайға қарсы іс-қимылдарға күш салып жатқандықтан, оған шындығында көп қаражат қажет болып отыр. Ал Америка Украинаға тым ауқымды қаражат жұмсап жатыр.
"АҚШ Украина арқылы Ресейдің геосаяси жеңілісін көздеді. Бірақ арнайы әскери операция басталғаннан бері үш айға жуықтаған шақта барлығы жоспарлағандай болмай жатқаны анықталды. Сондықтан АҚШ пен Еуропа ресейлік экономиканың санкцияларға төтеп бере алатын қауқарын жете бағаламағанын мойындап отыр. Сонымен қатар, бүгінде Украина армиясының жоғары деңгейде модернизациялануы сегіз жыл бойы НАТО Ресейге қарсы әскери және идеологиялық қуатты күш қалыптастырғанын аңғартып тұр", - деп жазылған материалда.
АҚШ пен Солтүстікатлантикалық альянстың үшінші елдерде қарулы құрылымдар даярлауда едәуір кең тәжірибесі бар. Бірақ олардың барлығын сәтсіз деуге негіз бар. Соның ең сәтсізі деп АҚШ көп жыл бойы құрған ауған армиясының санаулы күнде күл-талқаны шыққанын атауға болады. Өз қарулы күштеріне ауқымды көлемде қаражат құятын Сауд Арабиясы АҚШ-пен әскери-техникалық ынымақтастықтың ондаған жылы да еш көмектеспегенін Йемендегі қақтығыс дәлелдеді.
Жаңалықтар
0