https://sputnik.kz/20220513/almaty-oqushy-mektep-24791318.html
Алматыда 1-сынып оқушысы зорланды: білім министрлігі мектепті тексерді
Алматыда 1-сынып оқушысы зорланды: білім министрлігі мектепті тексерді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр 13.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-13T13:45+0500
2022-05-13T13:45+0500
2022-05-13T13:53+0500
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15893670_0:147:3119:1901_1920x0_80_0_0_824b1482ed35adf3ef5c90dc75686871.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Полиция Алматыдағы "Мариям" жеке мектебінің 1-сынып оқушысын зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағаннан кейін білім және ғылым министрлігінің өкілдері мектептітексерді."Кеше БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер "Мариям" жекеменшік ұйымында оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайды зерделеу үшін Алматыға ұшты. Олар оқушының отбасына барды. Балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.Сондай-ақ комитет қызметкерлері Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті."Мариям" жекеменшік ұйымының әкімшілігімен және ұстаздарымен әңгіме жүргізілді."Құрылған комиссияның тексеру нәтижесі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде (бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптарды сақтамау), қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды жасауда (сыныпта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар тәртіп бұзушылық анықталды", - деп атап өтті балалардың құқықтарын қорғау комитеті.Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданады.
https://sputnik.kz/20220512/almaty-mektep-oqushy-24762484.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15893670_194:0:2925:2048_1920x0_80_0_0_cbce2c326ed78fd631e3076c01659522.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
зорлық-зомбылық
Алматыда 1-сынып оқушысы зорланды: білім министрлігі мектепті тексерді
13:45 13.05.2022 (жаңартылды: 13:53 13.05.2022) Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Полиция Алматыдағы "Мариям" жеке мектебінің 1-сынып оқушысын зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағаннан кейін білім және ғылым министрлігінің өкілдері мектептітексерді.
"Кеше БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер "Мариям" жекеменшік ұйымында оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайды зерделеу үшін Алматыға ұшты. Олар оқушының отбасына барды. Балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.
Сондай-ақ комитет қызметкерлері Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті.
"Мариям" жекеменшік ұйымының әкімшілігімен және ұстаздарымен әңгіме жүргізілді.
"Құрылған комиссияның тексеру нәтижесі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде (бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптарды сақтамау), қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды жасауда (сыныпта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар тәртіп бұзушылық анықталды", - деп атап өтті балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданады.