Қоғам

Агенттік аймақтардағы былық-шылықты жайып салды

© Photo : РixabayИллюстрациялық фото
Иллюстрациялық  фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Жазылу
Қазақстанда әрбір бесінші жемқорлық мемлекеттік сатып алулар саласында жасалады
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов жергілікті шенеуніктердің мемлекеттік сатып алулар саласындағы былық-шылығын жайып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде мемлекеттік сатып алулар кезінде бағаны негізсіз көтеріп қояды. Шенеуніктер ақшаны "запаспен" есептейді. Соның ішінде біреуге берілетін пара да, сапалы жұмыс жасауға қажетті қаражат та, тендердің орындайтын кәсіпкердің табысы да бар.

"Ал кейбір аймақтарда "әлеуметтік маңызы бар шаралар" деп көрсетеді де, шын мәнінде, ақшаны концерттер, көңіл көтеретін шоу мен жеке авторлық кештерге жұмсаған. Негізі, оны қайырымдылыққа жіберуге тиіс еді. Бір ғана облыста 1,7 миллиард теңгені солай жұмсалған", - дейді Сарқұлов.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік сатып алулар кезінде бағаны асыра көрсеткені үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылмаған. Осыған байланысты агенттік қаржы министрлігіне тиісті ұсыныс енгізді. Оған сәйкес, шенеуніктерді әкімшілік жазаға тарту көзделіп отыр.
Бұдан бөлек, агенттік мамандары кейбір жабық сатып алуларды өткізу тәртібін өзгертуге мүдделі. Бүгінде ондай сатып алулар қағаз жүзінде атқарылады. Сол себепті қоғамдық бақылаудан тыс қалып жатады.
Оған көп жағдайда біреудің үлесі бар компаниялар қатысады. Бағаны көтеріп қояды да, қажеті жоқ жұмыстар мен қызметтерді сатып алады.
Осылайша, мемлекет қаржысы тиімсіз жұмсалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы нормаларды өзгертуді көздейді.
Жаңалықтар
0