https://sputnik.kz/20220512/vitse-ministr-konstitutsiyalyq-sot-24769761.html
Вице-министр Конституциялық соттың негізгі міндетін түсіндірді
Вице-министр Конституциялық соттың негізгі міндетін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Конституциялық сот айыппұл салмайды, жазаға тартпайды 12.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-12T12:10+0500
2022-05-12T12:10+0500
2022-05-12T12:10+0500
сот
жаза
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Әділет вице-министрі Алма Мұқанова конституциялық соттың негізгі міндетін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Алдағы уақытта президент және парламентпен қатар бас прокурор, адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстанның кез келген азаматы конституциялық сотқа жүгіне алады. Арнайы конституциялық заңда сотқа жүгіну тәртібі көрсетіледі."Қазір конституциялық заң бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, тиісті заң жобалары маусым айында "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланатын шығар. Бүгінде қаралып жатқан модельдердің бірін айтатын болсақ, ол белгілі бір нормативтік-құқықтық акт Конституцияға қарама-қайшы келетін болса, сондай-ақ азаматтың құқығын шектесе, ол конституциялық сотқа жүгіне алады. Арнайы заңда конституциялық сотқа жүгіну тәртібі, қандай сұрақтар және кім жүгіне алатыны туралы жазылады. Өтінішті қарастыру шаралары да көрсетіледі", - деп атап өтті Мұқанова.Айта кетері, 5 маусымда өтетін референдумға Ата заңға енгізілетін өзгерістер шығарылады. Соның ішінде конституциялық сот құру мәселесі де бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, жаза
Вице-министр Конституциялық соттың негізгі міндетін түсіндірді
Конституциялық сот айыппұл салмайды, жазаға тартпайды
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Әділет вице-министрі Алма Мұқанова конституциялық соттың негізгі міндетін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Конституциялық сот айыппұл салмайды, жазаға тартпайды. Бұл – шектеулі сұрақтар бойынша шешім қабылдайтын орган. Ең жоғары органның бірі болып саналады. Конституциялық сот қабылданған заңдар Ата заңымызға қарама-қайшы келеді деген сұрақ туындаса, сол заңды да қарастыруға құқылы болады", - деді Мұқанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Алдағы уақытта президент және парламентпен қатар бас прокурор, адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстанның кез келген азаматы конституциялық сотқа жүгіне алады. Арнайы конституциялық заңда сотқа жүгіну тәртібі көрсетіледі.
"Қазір конституциялық заң бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, тиісті заң жобалары маусым айында "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланатын шығар. Бүгінде қаралып жатқан модельдердің бірін айтатын болсақ, ол белгілі бір нормативтік-құқықтық акт Конституцияға қарама-қайшы келетін болса, сондай-ақ азаматтың құқығын шектесе, ол конституциялық сотқа жүгіне алады. Арнайы заңда конституциялық сотқа жүгіну тәртібі, қандай сұрақтар және кім жүгіне алатыны туралы жазылады. Өтінішті қарастыру шаралары да көрсетіледі", - деп атап өтті Мұқанова.
Айта кетері, 5 маусымда өтетін референдумға Ата заңға енгізілетін өзгерістер шығарылады. Соның ішінде конституциялық сот құру мәселесі де бар.