Экономика

Түркия Қазақстаннан мұнай жеткізуге мүдделі

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан мен Түркия тулары
Қазақстан мен Түркия тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2022
Жазылу
Қазір Түркия тәулігіне 1 миллион баррель мұнай тұтынады
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Түркия Қазақстаннан мұнай жеткізуге мүдделі. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Түркия мұнай жеткізуге ғана емес, кен орындарын игеруге де мүдделі. Каспий құбыр желісі консорциумы, "Транснефть", теміржол арқылы жөнелту, баламалы бағдарлардан бөлек, теңіз тасымалы болуы мүмкін", - деді министр үкімет кулуарында.

Ақшолақов мұнай тасымалының баламалы жолдарын ұйымдастыру бірнеше жылға созылатынын айтты. Қазір Түркия тәулігіне 1 миллион баррель мұнай тұтынады.
"Әрине, олар қазақстандық мұнайды да жеткізуге мүдделі. Өз импортын әртараптандыруға тырысуда. Біз өз мүмкіндіктерімізге қараймыз. Бүгінде олар қазақстандық мұнайды алып жатыр", - деді ведомство басшысы.
Еске салсақ, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияда болды. Екі ел басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Түркия делегациялары келіссөздерінің қорытындысы бойынша 15 құжатқа қол қойылды.
Жаңалықтар
0