Шығыс Қазақстанда екі елдің азаматтығын алған 30-дан астам адам анықталды

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан азаматының паспорты
Қазақстан азаматының паспорты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында екі елдің азаматтығын алған 30-дан астам адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Мәселен, биыл сәуір айының соңында тәртіп сақшылары 2016 жылдың қыркүйек айында Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған Глубокий ауданының 67 жастағы тұрғынын анықтаған. Алайда ол туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына да, шетелдегі мекемелерге де хабарламаған.
Құқық бұзушы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 496-бабы 2-бөлігі бойынша 200 АЕК (428 820 теңге) айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленіп алынды.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі Қазақстанның Конституциясына сәйкес, елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін ескертіп, көші-қон заңнамасын сақтауды сұрады.
Жаңалықтар
0