Қытайда ұшақ өртенді – БАҚ

© Sputnik / Тимур БатыршинӨрт сөндірушілер, архивтегі фото
Өрт сөндірушілер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2022
Жазылу
Tibet Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы ұшу кезінде апатқа ұшырады
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласының халықаралық әуежайында ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
Барлық жолаушы дереу эвакуацияланды, ауруханаға жеткізілгендер бар.
Қаза болғандар туралы мәлімет жоқ, апаттың себебі әлі анықталмады.
Соңғы мәлімет бойынша ұшақта 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған, 40-тан астам адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады әуежай.
Жаңалықтар
0