https://sputnik.kz/20220512/qazaqstan-sportshy-surdlimpiada-24774701.html
Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада чемпионы атанды
Sputnik Қазақстан
Есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы жарыстар 16 мамырға дейін жалғасады 12.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-12T15:51+0500
2022-05-12T15:51+0500
2023-08-09T16:03+0500
спорт
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24772000_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_4395e99c9249fe1d78e92dea0b1012da.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақ балуаны Бразилияда өтіп жатқан XXIV Сурдлимпиада ойындарында алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қайратхан Шоңқу грек-рим күресінің финалында түрік балуаны Мехмет Юсалды ұтып кетті. Осылайша, 130 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Асылжан Тәжиев (97 келі) ирандық спортшыдан жеңіліп, күміс медаль алды. Ал Нұржан Асан (77 келі) мен Алдияр Балташев (60 келі) финалға шыға алмады, екеуі де қола жүлдені қанағат тұтты. Айта кетері, есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы жарыстар 16 мамырға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 күміс және 17 медаль жеңіл алған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24772000_418:0:3149:2048_1920x0_80_0_0_a6bde59bd428b9dd2f419bb3a1fcb3d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада ойындары
Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада чемпионы атанды
15:51 12.05.2022 (жаңартылды: 16:03 09.08.2023) Есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы жарыстар 16 мамырға дейін жалғасады
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақ балуаны Бразилияда өтіп жатқан XXIV Сурдлимпиада ойындарында алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қайратхан Шоңқу грек-рим күресінің финалында түрік балуаны Мехмет Юсалды ұтып кетті.
Осылайша, 130 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Асылжан Тәжиев (97 келі) ирандық спортшыдан жеңіліп, күміс медаль алды. Ал Нұржан Асан (77 келі) мен Алдияр Балташев (60 келі) финалға шыға алмады, екеуі де қола жүлдені қанағат тұтты.
"Жігіттер жарады! Біз көптеген оқу-жаттығу жиындары мен дайындықтың арқасында осындай жетістікке жеттік. Бір алтын, бір күміс және екі қола – үлкен жетістік. Алдағы уақытта бұдан да жоғары көрсеткішке жетеміз", - дейді сурдо грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Ерлан Мұқажан.
Айта кетері, есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы жарыстар 16 мамырға дейін жалғасады.
Осы уақытқа дейін Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 күміс және 17 медаль жеңіл алған.