https://sputnik.kz/20220512/qazaqstan-resey-dostyq-ordeni-24764234.html
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Омбы губернаторына "Достық" орденін табыс етті
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Омбы губернаторына "Достық" орденін табыс етті
Sputnik Қазақстан
Тараптар екіжақты байланыстарды дамытуға жақсы мүмкіндіктер ашылып жатқанын атап өтті 12.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-12T09:11+0500
2022-05-12T09:11+0500
2022-05-12T09:11+0500
қазақстан
елші
достық ордені
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24763699_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_dde5c16c77030435ac8a9483ea12faea.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Омбы облысына жұмыс сапары барысында өңір губернаторы Александр Бурковқа ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.Ермек Көшербаев губернатормен ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша кең ауқымды мәселелерді, оның ішінде Омбы облысы делегациясының сәуір айындағы Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізілген келіссөздерді талқылады.2021 жылы облыс пен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі 402,1 долларға жетіп, 2020 жылмен салыстырғанда 12,3 пайызға артқаны аталып өтті.Тараптар ауыл шаруашылығы, машина жасау, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен, химия өнеркәсібі және туризм салаларында өзара тиімді ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жақсы мүмкіндіктер ашылып жатқанын тілге тиек етті.Осы орайда Ермек Көшербаев жерлестерімізге мәдениет пен тілдің сақталуы мен дамуына көмектескені үшін Александр Бурковқа алғысын білдіріп, ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.Сапар аясында елші Омбы облысындағы қазақ қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті. Ең алдымен қазақ тілін үйренуге қатысты отандастарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер, бірлескен гуманитарлық жобалар сөз болды. Елші қазақ орталықтары бар жергілікті мектептердің директорларымен де осы тақырыптарды талқылады.Омбыда Ермек Көшербаев Шоқан Уәлихановтың ескерткіші мен Кемел Тоқаевқа арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24763699_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5cf31fdb9093cf1d6a45db0c0c7fc41c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, елші, достық ордені
қазақстан, елші, достық ордені
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Омбы губернаторына "Достық" орденін табыс етті
Тараптар екіжақты байланыстарды дамытуға жақсы мүмкіндіктер ашылып жатқанын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Омбы облысына жұмыс сапары барысында өңір губернаторы Александр Бурковқа ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.
Ермек Көшербаев губернатормен ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша кең ауқымды мәселелерді, оның ішінде Омбы облысы делегациясының сәуір айындағы Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізілген келіссөздерді талқылады.
2021 жылы облыс пен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі 402,1 долларға жетіп, 2020 жылмен салыстырғанда 12,3 пайызға артқаны аталып өтті.
Тараптар ауыл шаруашылығы, машина жасау, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен, химия өнеркәсібі және туризм салаларында өзара тиімді ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жақсы мүмкіндіктер ашылып жатқанын тілге тиек етті.
"Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды дамуда. Омбы облысында қазақ мәдениетін насихаттайтын іс-шаралар, жетекші кәсіби шығармашылық ұжымдардың қатысуымен фестивальдер, театрлар мен филармониялардың гастрольдері өткізіледі. Халық санағының қорытындысы бойынша өңірдегі саны шамамен 78-80 мың адамды құрайтын қазақ диаспорасы Қазақстанмен рухани көпір болып табылады", - делінген Қазақстанның Ресейдегі елшілігі таратқан хабарламада.
Осы орайда Ермек Көшербаев жерлестерімізге мәдениет пен тілдің сақталуы мен дамуына көмектескені үшін Александр Бурковқа алғысын білдіріп, ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.
Сапар аясында елші Омбы облысындағы қазақ қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті. Ең алдымен қазақ тілін үйренуге қатысты отандастарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер, бірлескен гуманитарлық жобалар сөз болды. Елші қазақ орталықтары бар жергілікті мектептердің директорларымен де осы тақырыптарды талқылады.
Омбыда Ермек Көшербаев Шоқан Уәлихановтың ескерткіші мен Кемел Тоқаевқа арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды.