Қазақ тіліндегі Nickelodeon балалар телеарнасы іске қосылады

© кадр из мультсериалаСпанч Боб
Спанч Боб - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2022
Жазылу
Компанияға әлемнің 180 елінде аудиториясы бар танымал телеарналар мен платформалар кіреді
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Paramount жаһандық медиа тобы Nickelodeon HD телеарнасының қазақ тілінде шығатыны туралы хабарлады.
Телеарна Қазақстанда әлемге әйгілі Nickelodeon брендінің нұсқасын ұсынады. Ол 40 жылдан астам уақыт бойы мектеп жасына дейінгі балалардың, 6 жастан асқан балалардың және 12-ден асқан балалардың мүддесін ескере отырып таңдалған танымал шоуларды көрсетеді.
2022 жылдың соңына дейін арна көрермендері 354 премьералық эпизод тамашалайды. Олардың арасында "Губка Боб", "Смурфики", "Варварка және тролль", "Элвин мен алақоржындар", "Жұлдызды жол: Протостар" және "Трансформерлер" сияқты танымал анимациялық шоулар, сондай-ақ "Запредел" және "Рок аралының құпиялары" жаңа телехикаялары бар.
Paramount - Nickelodeon және MTV сияқты әлемдік ойын-сауық брендтеріне, сондай-ақ Paramount Pictures студиясына ие ғаламдық медиа-топ. Ол көрермендерге "Титаник", "Форрест Гамп" және "Орындалмас миссия" фильмдерін ұсынды. Компанияның портфолиосына әлемнің 180 елінде аудиториясы бар танымал телеарналар мен платформалар кіреді.
Архивное фото зрителей в кинотеатре - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Мәдениет
Маман дубляж жайлы: қазақша фильмге көрермен бармайды деген пікірмен келіспеймін
Жаңалықтар
0