https://sputnik.kz/20220512/mekteptegi-zorlau-bilim-ministrligi-almaty-24771709.html
Мектептегі зорлау оқиғасы: білім министрлігінің өкілдері Алматыға ұшып шықты
Мектептегі зорлау оқиғасы: білім министрлігінің өкілдері Алматыға ұшып шықты
Sputnik Қазақстан
Балаға психологиялық көмек көрсетіледі 12.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-12T14:00+0500
2022-05-12T14:00+0500
2023-08-09T12:17+0500
қоғам
алматы
зорлау
білім және ғылым министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_865e189718fe035e2479aed1a6944676.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі Алматыда 1-сынып оқушысы зорланды деген жекеменшік "Мариям" мектебін тексереді.БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен бала құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер жаға ұстатарлық оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматыға ұшып шықты, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.Ол тергеу қорытындысы бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті."Сараптама нәтижесін күту маңызды. Құқық қорғау органдарымен байланыста боламыз", - деді Иманғалиев.Мектептегі зорлау фактісіне байланысты қалалық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Зорлық-зомбылық жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.Еске салсақ, құқық қорғаушы Дина Смайылова Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, 7-сыныптың үш оқушысы бірінші сыныпта оқитын ұл баланы бірнеше күн бойы алып кетіп, сабақ кезінде дәретханада зорлаған. Баланың әкесі болған оқиға туралы екі апта бұрын біліп, полицияға хабарлаған.
https://sputnik.kz/20220512/almaty-mektep-oqushy-24762484.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_c36257e308b0a10aa796bc4c282abb8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, зорлау, білім және ғылым министрлігі
алматы, зорлау, білім және ғылым министрлігі
Мектептегі зорлау оқиғасы: білім министрлігінің өкілдері Алматыға ұшып шықты
14:00 12.05.2022 (жаңартылды: 12:17 09.08.2023) Балаға психологиялық көмек көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі Алматыда 1-сынып оқушысы зорланды деген жекеменшік "Мариям" мектебін тексереді.
БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен бала құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер жаға ұстатарлық оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматыға ұшып шықты, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
"Біз бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Бүгін профилактикалық іс-шаралар жүргізу мақсатында "Мариям" жекеменшік мекемесін тексереміз. Сонымен қатар оқушының отбасына да барып, қажетті көмек көрсетеміз. Балаға психологиялық көмек көрсетіледі", - деді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.
Ол тергеу қорытындысы бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті.
"Сараптама нәтижесін күту маңызды. Құқық қорғау органдарымен байланыста боламыз", - деді Иманғалиев.
Мектептегі зорлау фактісіне байланысты қалалық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Зорлық-зомбылық жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.
Еске салсақ, құқық қорғаушы Дина Смайылова Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, 7-сыныптың үш оқушысы бірінші сыныпта оқитын ұл баланы бірнеше күн бойы алып кетіп, сабақ кезінде дәретханада зорлаған. Баланың әкесі болған оқиға туралы екі апта бұрын біліп, полицияға хабарлаған.