https://sputnik.kz/20220512/karim-masimov-qamauda-ustau-merzimi-uqk-24770321.html
Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды – ҰҚК
Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды – ҰҚК
Sputnik Қазақстан
Тергеу органдары ҰҚК-нің бұрынғы басшылары жасаған қылмыстардың ауырлығын ескере отырып, күдіктілерді қамауда ұстау туралы шешім қабылдады 12.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-12T12:39+0500
2022-05-12T12:39+0500
2023-08-09T09:35+0500
кәрім мәсімов
қаңтар оқиғасы
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/1263/73/12637379_0:130:3179:1918_1920x0_80_0_0_1c68c721f6e05cd1302e7b341845d22c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды.ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 6 маусымға дейін, ал Дәулет Ерғожинді қамау мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылды.Сондай-ақ ҰҚК төрағаның экс-орынбасары Марат Осиповты қамауға алу мерзімі 2022 жылдың 22 мамырына дейін ұзартылғанын хабарлады."Жасалған қылмыстардың мән-жайы мен ауырлығын, сондай-ақ бұл адамдар істі объективті тергеуге кедергі келтіруі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздердің болуын ескере отырып, қамауда ұстау бұлтартпау шарасын қолдану және кейіннен ұзарту туралы шешім қабылданды", - делінген комитеттің хабарламасында.Айта кетері, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 151-бабына сәйкес, аталған қылмыс санаттары бойынша қамауға ұстау мерзімі 18 айдан аспауы керек.Еске сала кетейік, 6 қаңтарда ҰҚК мемлекеттік опасыздық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады – Кәрім Мәсімов пен оның Самат Әбіштен басқа барлық орынбасары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1263/73/12637379_224:0:2955:2048_1920x0_80_0_0_df5529affc313251b5a15d8a6773e5f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәрім мәсімов, ұлттық қауіпсіздік комитеті
кәрім мәсімов, ұлттық қауіпсіздік комитеті
Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды – ҰҚК
12:39 12.05.2022 (жаңартылды: 09:35 09.08.2023) Тергеу органдары ҰҚК-нің бұрынғы басшылары жасаған қылмыстардың ауырлығын ескере отырып, күдіктілерді қамауда ұстау туралы шешім қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 6 маусымға дейін, ал Дәулет Ерғожинді қамау мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылды.
"ҰҚК-нің жедел тергеу тобы Мәсімов, Садықұлов, Ерғожин және басқа да тұлғаларға қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі, 179-бабы 3-бөлігі, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы, 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы, 366-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр", - делінген ҰҚК-нің
Sputnik Қазақстанның сауалына берген жауабында.
Сондай-ақ ҰҚК төрағаның экс-орынбасары Марат Осиповты қамауға алу мерзімі 2022 жылдың 22 мамырына дейін ұзартылғанын хабарлады.
"Жасалған қылмыстардың мән-жайы мен ауырлығын, сондай-ақ бұл адамдар істі объективті тергеуге кедергі келтіруі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздердің болуын ескере отырып, қамауда ұстау бұлтартпау шарасын қолдану және кейіннен ұзарту туралы шешім қабылданды", - делінген комитеттің хабарламасында.
Айта кетері, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 151-бабына сәйкес, аталған қылмыс санаттары бойынша қамауға ұстау мерзімі 18 айдан аспауы керек.
Еске сала кетейік, 6 қаңтарда ҰҚК мемлекеттік опасыздық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады – Кәрім Мәсімов пен оның Самат Әбіштен басқа барлық орынбасары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.